Этносаралық қатынастар саласы бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,3% қазақ, 3,7% түрлі этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік және 9 қоғамдық құрылым (Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы, Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы, «Жомарт жан» орталығы, Ақпараттық-түсіндіру тобы мен Жастар қанаты)
жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде (9 айда) жоспарлы және жоспардан тыс онлайн/офлайн форматта барлығы 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 10 мыңнан астам адам қамтылды.Осы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен жаңа Достық үйі ғимараты пайдалануға беріліп, ел игілігіне қызмет етуде. Бүгінде ғимарат облыстық және республикалық деңгейдегі қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырылып, ел үшін маңызы зор шешімдер қабылданатын диалог алаңына айналды.Осы жылдың ақпан айында «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында Корей этносының Жаңа жылы – «Соллаль» және «Славян» этносының «Масленица» мерекелері аталып өтілсе, наурыз айында Алғыс айту күні облыс көліменде тойланып, этнос өкілдері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне белсене қатысты. Сәуір айында Татар этномәдени бірлестігінің 35 жылдығы мен «Сабантуй» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің басқа өңірлері мен Татарстан Республикасынан арнайы келген қонақтар қатысып, өнерлерін паш етті.Мамыр айы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен бастау алып,

ай көлемінде атаулы мерекелерге орай түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілсе, маусымда Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында көшпелі жиындар, қоғамдық қабылдаулар, кездесулер мен ақпараттық-түсіндірме шаралары ұйымдастырылды. Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыстық Неміс этномәдени орталығы жанындағы «Адажио» шоу би орталығының
20 жылдық мерекелік кеші өтті. Осы жылдың тамыз айында Қызылорда облысында Достық үйінде республикалық  Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері, этностық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің баспасөз қызметкерлері, журналистер, медиа-сарапшылар, медиаменеджерлер және блогерлер қатысты.«Қоғамдық келісім және тіл орталығы» КММ және өңірдегі этномәдени бірлестіктердің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.Қайырымдылық шарасы аясында 30-ға жуық балаға мектеп сөмкелері мен жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары табысталды. Акцияның мақсаты – балаларға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауына мүмкіндік жасау.

Өз кезегінде, аймақтағы этносаралық келісімді одан әрі арттыру бағытындағы жұмыстарды ақпараттандыру және осы мәселеде бүкіл халықтық жұмылдыру мақсатында есепті мерзімде әлеуметтік желілерде жалпы 3238-ге жуық жарияланым, 1132 бейнешолу мен бейнеролик, БАҚ пен интернет ресурстарда 2106 материал жарық көрді.

Дата публикации
13 октября 2026