Облыстық қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясатқа арналған мемлекеттік тапсырыстарды өткізудің аймақтағы бірегей ұйымдастырушысы.
2026 жылға облыстық бюджеттен мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа лимит шегінде 975 733,0 мың теңге бөлінді.
Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 150 бұқаралық ақпарат құралы (13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) жұмыс жасайды.
Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 27 интернет сайт пен ақпараттық агенттік, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-уі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпарат таратушылар. Айта кету керек, соңғы жылдары интернет сайттардың саны артқан.
Жалпы облыс көлемінде ақпараттық жұмыстар негізінен Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмаларын, мемлекеттік бастамалар мен идеологемаларды («Мемлекет басшысының Жолдауы», «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал адам», «Еңбек адамы», «Келешек мектептері», «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы», «Халықаралық волонтерлер жылы» және т.б.) іске асыру, облыс әкімінің, әкімдігінің қызметін насихаттау бойынша жүргізілуде.
Жалпы жыл басынан бері республикалық телеарналардың жаңалықтар қызметінде 400-ге жуық сюжет, жергілікті телеарналарда 4000-нан астам сюжет, бағдарламалар, баспа басылымдарда 4000-ға жуық мақала, интернет ресурстарда 20 000-нан астам материал жарық көрген.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде жыл басынан бері 205 баспасөз іс-шарасы ұйымдастырылды. Оның 166-сы брифинг, 21 баспасөз туры, 18 көшпелі брифинг.