Азаматтық қоғам институттарымен жұмыс және жастар бөлімі бойынша 2026 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыс туралы

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ САЛАСЫ БОЙЫНША

 

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы Әділет департаментіне 973 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде: қоғамдық бірлестіктер - 451, қоғамдық қорлар - 279, қоғамдық бірлестік филиалдары - 243.

Аймақта тіркелген 973 ҮЕҰ-ның 200-ден астамы, яғни 25,0% белсенді түрде жұмыс жасауда және аймақтың қоғамдық дамуына ат салысуда.

ҮЕҰ-дардың қызметін жүйелендіру, олардың басын біріктіріп, мемлекеттік саясатты оңтайландырып іске асыру мақсатында 2006 жылдан бастап елімізде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған. Қазіргі таңда «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдар Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігіне 73 ұйым мүше.

Облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссиялар құрамында 250-ден аса үкіметтік емес ұйым өкілдері енгізілген.

Облыс әкімімен 2026 жылға арналған 243 тармақтан тұратын облыстық қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысына жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес 16 бағыт бойынша жалпы сомасы 1 млрд 49 млн 266 мың теңгені құрайтын 127 әлеуметтік жоба іске асырылуда.

 

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС БОЙЫНША

Облыстық Қоғамдық кеңес 2016 жылы құрылды.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 наурыздағы
№8 шешіміне сәйкес облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды.

Қызылорда облысында жалпы саны 9 Қоғамдық кеңес құрылған
(1 облыстық, 1 қалалық және 7 аудандық).

Барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрамында 150 адам бар.

Қызылорда облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы 100% азаматтық қоғам өкілдерінен қалыптастырылды.

Қоғамдық кеңесте 32 мүше бар. Төрағасы – Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы.

Облыстық қоғамдық кеңесте 5 салалық комиссия бар.

Атап айтқанда: 1. Экономика, бюджет және қаржы мәселелері,
2. Инновациялық даму және кәсіпкерлік мәселелері, 3. Әлеуметтік мәселелер, 4. Құқықтық қамтамасыз ету, 5. Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия.

Қызылорда қалалық қоғамдық кеңес төрағасы – Кәрімбаев Мұхитжан Исмайлұлы. Кеңестің 19 мүшесі бар.

Арал аудандық қоғамдық кеңес төрағасы – Жоланов Алдаберген Алдиярұлы. Кеңестің 15 мүшесі бар.

Қазалы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы – Бөріқұлақов Талайлы Әмитжанұлы. Кеңестің 17 мүшесі бар.

Қармақшы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы – Құлдүйсенов Әбдірахман. Кеңестің 13 мүшесі бар.

Жалағаш аудандық қоғамдық кеңес төрағасы – Құлмаханов Қожантай Қожақұлы. Кеңестің 12 мүшесі бар.

Сырдария аудандық қоғамдық кеңес төрағасы – Еспенбетов Маратбек Нағымұлы. Кеңестің 15 мүшесі бар.

Шиелі аудандық қоғамдық кеңес төрағасы – Бекішев Қаблеш Сейітбекұлы. Кеңестің 15 мүшесі бар.

Жаңақорған аудандық қоғамдық кеңес төрағасы – Қалыбаев Даулетбек Амельбекович. Кеңестің 14 мүшесі бар.

 

АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ БОЙЫНША

Облыс бойынша 78 559 ардагер бар.

Аймақта 10 ардагерлер ұйымы (облыстық – 1, қала және аудандық – 8, Байқоңыр қалалық - 1) тіркелген.

Облыстық ардагерлер кеңесі Алқа мүшелерінің саны – 11, пленум мүшелері - 49.

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Дүйсенбаев Серік Әбішұлы;

Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Шәменов Өмірбек Мөрәліұлы; (ардагерлер саны – 31 365);

Арал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Әйімбетов Әділбек Ізбасарұлы (ардагерлер саны – 7 917);

Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Бекбанов Оразғали Достанұлы (ардагерлер саны – 8 121);

Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Мереков Асқар Ермағамбетұлы (ардагерлер саны – 4 216);

Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Әлиев Садық Әлиұлы (ардагерлер саны – 3 826);

Сырдария аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Келдібаев Мұса Алпысбайұлы (ардагерлер саны – 4 143);

Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Исмайыл Өркен Әзімханұлы (ардагерлер саны – 8 722);

Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Тақырбасов Өмірсерік Исабекұлы (ардагерлер саны – 7 661);

Байқоңыр қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы – Искендер Жарекесов (ардагерлер саны – 2 588);

 

Дата публикации
12 октября 2026