Халықпен жұмыс туралы 2026 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша есебі

2026 жылдың ІІІ тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 65 өтініш келіп түскен, оның ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 55,  заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер – 10. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімде жауаптары берілді.

Басқарма басшысының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі №02-04/34 бұйрығымен басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі бекітілген. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыстық мекемелер үйі ғимаратының 1 қабатында орналастырылған.

Есепті кезеңде басқарма басшысы мен орынбасарларының жеке қабылдауында 
7 азамат болды. Қабылдау барысында көше атауын беру, «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу, тұрғын үй мәселесі және мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар бойынша т.б. ұсыныстар түскен. Барлық өтініш иелеріне заңдылыққа сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
12 октября 2026