Облыс тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам қалыптастыру мақсатында Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы (Бұдан әрі -Басқарма) тарапынан 2026 жылға арналған «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау, ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізуге дөңгелек үстелдер, кездесулер, қоғамдық балдаулар семинарлар, әдістемелік құралдар, бейнероликтер, спорттық сайыстар, акциялар және облыстық форум өткізу қарастырылған. Ағымдағы жыл басынан бері аталмыш бағытта барлығы 24 түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда наурыз, сәуір айларында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, заңгер Қаржаубаева Ләззат Майлыбайқызы және тәжірибелі заңгер Айтбенбетов Болатбек Серікбайұлы қатысуымен барлық аудандарда жастармен ашық форматтағы «Адал қоғам: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және заң үстемдігі» атты семинарлар ұйымдастырылды. «Заң және әділет: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ашық құқықтық кеңес» тақырыбында аудан тұрғындарына арналған тегін құқықтық қабылдаулар мен кеңестер өткізіп, құқықтық мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың сұрақтарына нақты жауаптар ұсынылып, құқықтық көмек көрсеті. Сонымен қатар, 30 сәуір күні «Өзіңнен баста» тақырыбында мемлекеттік жас қызметшілер мен жастар арасында облыстық дебаттық турнир өтті. Ауқымды шара облыстық жастар ресурстық орталығында бастау алып, мазмұнды пікірсайыстар мен тартысты ой додасынан кейін Достық үйі ғимаратында өз мәресіне жетті. Турнирге «Republic», «Алаш Prime», «Әділдік альянсы», «Әділет Легионы», «Азат», «АМАНАТ», «Нысана», «Әділетті Қазақстан» командалары қатысып, заң үстемдігі, тәртіп мәдениеті және азаматтық жауапкершілік тақырыптарын кеңінен қозғап, өзара білім мен шешендік шеберлікте бақ сынады. Аталмыш шара республикалық және жергілікті БАҚ-тар арқылы ақпараттандырылды. Бұдан бөлек, қала, аудан орталықтарында халық көп шоғырланатын жерлерде құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын - алу бойынша тұрғындарға арналған әдістемелік құралдар, жадынамалар, бүктемелер әзірленіп, таратылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.