Қызылорда облысындағы жастар саясатының 2026 жылғы ІІ тоқсандағы жағдайы туралы

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес 2026 жылдың
1 қаңтарына өңірде 249 401 (2025 ж. – 248 279) жас есепке алынған (29,46%). Оның ішінде қала жастары – 113 795 (45,5%), ауыл жастары – 135 606 (54,5%), 130 644 - ер азаматтары, 118 933 – әйел. 

Жастарды дамыту мен қолдауға 2026 жылға жергілікті бюджеттен
849,936 мың теңге (2025 ж. 2 млрд. 105,0 млн.теңге), оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 28 жобаға (2025 жылы – 36 жоба - 312,7 млн. теңге), 261,7 млн. тг. облыс бойынша жастар ресурстық орталықтарының аппараттық шығындары мен еңбек ақылары, өзге де төлемдерге 579,4 млн. тг. бөлінді
(2025 жылы 592,3 млн. теңге).

Статистикалық мәліметтерге сәйкес жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі - 3,4% құрады (қала жастары арасында – 3,1%, ауыл жастары арасында – 3,6%).

Анықтама ретінде: Жұмыссыз жастардың 41,1% қала жастары (2013), 58,9% ауыл жастары (2883), оның ішінде 74,4 пайызы әйелдер (3643), 25,6 пайыз ерлер (1253) құрайды. Жалпы тіркелген 4896 жұмыссыз жастың арасында жұмыс іздестіру ұзақтығы бойынша бөлінісі: 3 айдан 6 айға дейін - 2609, 6 айдан 12 айға дейін - 150 жас.

2026 жылдың І тоқсанында NEET жастарының үлесі - 6,6% (15 286) құрады

Аймақта жастарды әлеуметтендіру (жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке баулу), білім беру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру (еңбек жасақтарының қатарына және волонтерлік қызметке тарту) бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жастардың әлеуметтік бейімделуі тікелей мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың төңірегінде атқарылуы қажет. Жергілікті жерде NEET санатындағы жастар үлесін шығаратын бірден бір көрсеткіш – жастар жұмыссыздығы.

Бұл ретте, Қызылорда облысының 2024-2029 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі Жол картасына «Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды меңгермеген жастардың үлесі (15-35 жас аралығындағы)» нысаналы индикаторы енгізілген.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жасыл ел жастарды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына тарту» жобасы жүзеге асырылуда. Биыл әлеуметтік жоба арқылы маусым-тамыз айларында 16-35 жас аралығындағы түрлі санаттағы (оқушы, студент, жұмыссыз) 1 200 жас еңбек ететін болады. (Қызылорда қ.-280, Байқоңыр қ.-150, аудандарда- 770) маусымдық жұмыспен қамтылуы (с.і. міндетті әлеуметтік аударымдар)

Сондай-ақ, ауыл жастарын еңбекке баулу мақсатында
«Жастар еңбек бригадалары» жобасы жүзеге асырылып келеді.

Бүгінде Қызылорда қаласы мен аудандарда құрылған еңбек бригадаларының саны 10-нан асып, құрамына 100-ге жуық жас тіркелді.

Сонымен қатар, «Ауыл» партиясының бастамасымен Қызылорда облысында студенттік «Құрылыс отряды» құрылды. Бұл жоба аясында
40 жас құрамына қабылданып, еңбек етуде.

Облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 6 үйірме мен клубтар қызмет жасауда.

3 спорттық үйірмеге (ұлттық және аралас жекпе-жек, каратэ-до, таэквандо)
7-19 жас аралығында жасөспірімдер мен жастар қатысады.

Дарынды және бастамашыл жастарды логикалық және сыни ойлауды, коммуникативті мәдениетті және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту, тәуелсіз шешім қабылдауға және қоғамның болашақ көшбасшысы ретінде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету мақсатында «Спикер» дебат клубы құрылды.

БАҚ өкілдері мен блогерлер қауымының, әлеуметтік желі белсенділерінің жұмысын үйлестіріп, шынайы әрі жылдам жан-жақты ақпарат алуына ықпал ету және ақпарат тарату дағдыларын жетілдіру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, журналистика саласына қолдау көрсету мақсатында «Жас журналистер» клубы қызмет етуде.

«Жайдарман» жастар клубы қозғалысын дамыту, жас мамандарды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, қоғамдағы мәселелерді астарлы әзілмен жеткізу бағытында ұйымдастырылып келеді. Жайдарманшылардың саны облыс бойынша 400-ге жетті.

Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлескен «КОМЬЮНИТИ» орталықтары (қаланың шет аймақтары Титов мөлтек ауданы, М.Ералиева мәдениет үйі, Тасбөгет кенті, С.Майқанова мәдениет үйі) іске қосылды. Мұнда жастарға бағыт-бағдар беру, шығармашылық әлеуетін көтеру, идеялар алмасу, бейресми білім беру, сондай-ақ қажетті дағдыларға бейімделуіне мүмкіндіктер жасалған.

Қызылорда облысының 2024-2029 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі Жол картасына «Оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіби дағдыларды меңгермеген жастардың үлесі (15-35 жас аралығындағы)» нысаналы индикаторы енгізілген.

2026 жылғы 5 шілдедегі «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі NEET санатындағы жастардың саны 2 170-ті құрады. Бұл көрсеткіш жыл басындағы (2 731) ақпаратпен салыстырғанда 561 жасқа азайған.

Өңірде 10 «Жастар ресурстық орталығы» (1-облыстық, 2-қалалық, 7-аудандық) жұмыс жасайды.

Волонтерліктің 8 бағыты бойынша қызмет атқаруда. Бүгінде барлық деңгейдегі «Жастар ресурстық орталықтары» жанынан Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен 7 ауданда өңірлік фронт-офистер құрылған.

Волонтерлік ұйымдар мен топтар арасында «Облыстық волонтерлер фронт-офисі», «Волонтеры Кызылорды», «Ашық жүрек» волонтерлер лигасы, «Жалын» волонтерлер штабы, «Қармақшы Демеу» волонтерлер тобы, «Жаңарған Жаңақорған жастары» волонтерлер тобының белесенділігін ерекше атап өтуге болады.

Ақпарат ретінде:  «Bilim», «Sabaqtastyq», «Asylmura», «Qamqor», «TazaÁlem», «Úmit», «Saýlyq», «Ayala». Облыста 1 мыңнан астам волонтер тіркелген және 30 волонтерлік топтар, «Ассамблея жастары» белсенді волонтерлері бар.

Өңірде жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық тәрбие беру, азаматтарды әскери қызметке шақыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі аумақтық үйлестіру кеңестері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына (08.08.2025 ж., №1015 бұйрығы) сәйкес облыс әкімдігінің «Әскери патриоттық тәрбиелеу бойынша аумақтық үйлестіру кеңесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысы бекітілді (07.11.2025 ж., №213 қаулысы). Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында өңірде барлық деңгейдегі жастар ресурстық орталықтары жанынан
«Жас сарбаз» қозғалысы жұмыс жасауда.

Бүгінгі күні, 3 мың жас облыстық қозғалыстың мүшелігіне тіркелген
(9-11 сынып мектеп оқушылары).

2026 жылы «Жас Сарбаз» қозғалысы Қызылорда облыстық филиалы орта арнаулы білім беру ұйымдары мен колледждерде
40-қа жуық патриоттық бағыттағы шаралар өткізіліп, мыңға жуық жасөспірім қамтылды.

Оған қоса, әскерге шығарып салу, ардагерлермен кездесу бағытында «Ерлік сабағы», «Біртұтас ел – біртұтас жер» шаралары тұрақты түрде өткізілуде. Білім беру ұйымдарында «Жас сарбаз» қозғалысының ұйымдастыруымен жастарды әскерге шақыруға ынталандыруға бағытталған «Әскерге шақырылушы», «Жас мерген», «Отан қорғаушы» сайыстары ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылғы сәуір айында «Айбын–2026» әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық, қалалық іріктеу кезеңі өтті. Басқармаға қарасты облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 15 мамырда «Айбын» ХІІ облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, маусым айында Ақмола облысы Ш. Уәлиханов әскери колледжінің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында ХІІ Халықаралық «Айбын-2026» әскери-патриоттық жиынына қатысты.

Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және баспаларда патриоттық тәрбие беру бағытында 600-ден аса ақпараттық материалдар жарияланып, арнайы сұхбаттар мен брифингтер өткізіліді.

Одан бөлек, қала және аудан орталықтарында Отан қорғау ісі мен патриоттық тәрбие беру тақырыбындағы 55 сыртқы көрнекі құралдары, билбордтар орналастырылған.

Облыс көлемінде мерзімді әскери қызметке шақыру, оның тартымдылығы мен беделін арттыруға арналған шараларды ақпараттандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілуде.

Дата публикации
16 июля 2026