
Алиева Айгерім Икрамқызы 1982 жылы 10 қаңтарда Қызылорда облысы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы ҚМУ «Ауылшаруашылық өнімдері сапасы жөніндегі эксперт аудиторы» және «Экономист-менеджер» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2005 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының штаттан тыс инспекторы болып бастаған.
- 2005-2008 жылдары Қызылорда облыстық мұрағаттар мен құжаттама бөлімінің бас маманы;
- 2008-2015 жылдары Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасының мұрағат ісін ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің бас маманы;
- 2015-2017 жылдары Қызылорда облысының мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының мұрағат ісін ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің бас маманы;
- 2017-2020 жылдары Қызылорда қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
-2020 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
-2022 жылдан бастап Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы – Этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.