Сәулет, қала құрылысы және моиторингі бөлімі бойынша
2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы
АНЫҚТАМА
Бөлім қызметкерлерімен мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын арттыру мақсатында облыс әкімінің орынбасары Н. Тілешевпен бекітілген кестеге сәйкес, қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің мамандарына салаға тиісті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 388 595 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Өңірлердің қала құрылысы құжаттарын әзірлеу үшін қаржы бөлініп Байқоңыр қаласы мен Жаңақорған кентіне егжей – тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленді.
Қызылорда қаласының 3029,1 гектар аумаққа инженерлік коммуникацияларды түгендеу жұмыстары жүргізілді.
Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру өңіріміздің ең маңызды жобаларының бірі және жобаны тиімді игеру мақсатында облыс әкімдігі жанындағы штаб отырысы мүшелерінің құрамы жаңартылып, облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың төрағалығымен Штаб отырыстары өткізілді.
Сонымен қатар, сол жағалау тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аяқ су желісін жүргізіп, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын, яғни «Гүл бульварының» эскиздік жобалары әзірленіп ұсыным берілді.
Одан бөлек әрбір жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетіне қатысты бөлім тарапынан жан-жақты талқыланып ұсынымдар берілуде.
Осы жоғарыда көрсетілген жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
2021 жылдың 3 айы бойынша атқарған жұмыстар туралы анықтама
1. Қала құрылысы жобаларын іске асыру туралы:
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қала құрылысы деректерін цифрландыруды қамтамасыз ету үшін жер асты және жер үсті коммуникацияларын түгендеу жүргізуге және Байқоңыр қаласына 430 гектар аумаққа егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
2. Тұрғын үйлерді қабылдау туралы:
Облыс бойынша тұрғындардың қаржысы есебінен жалпы ауданы 133 383 шаршы метр жыл басынан бері пайдалануға қабылданды.
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің ауданы 102,37 пайызға артқандығын көрсетті.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:
Бүгінгі таңда облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. 2021 жылдың 3 айы бойынша төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
1) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі бойынша – 0;
2) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі бойынша – 0;
3) «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 971;
4) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 3356;
5) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0;
6) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0.
7) «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 124;
8) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 861 жеке және заңды тұлғаға қызмет көрсетілді.
2020 жылы атқарған жұмыстар туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бұйрығына сәйкес Қызылорда облысында өмір сүрудің жайлы ортасын жасау жөнінде жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарының тиімділігін кешенді тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша Байқоныр қаласының жалпы көлемі 430 га аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылып, 2021 жылға қаржы бөліну жоспарланған.
«Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес облыс әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы №1136 қаулысымен облыс әкімінің жанындағы сәулет-қала құрылысы Кеңесінің күші жойылды.
2019 жылдың 12 айында облыс бойынша 756 355 ш.м. болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде облыс тұрғындардың қаржысы есебінен жалпы ауданы 607 694 ш.м. болатын 8119 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 148 661 ш.м. болатын көп қабатты тұрғын үйлердегі 49 пәтер пайдалануға қабылданды.
Ал, 2020 жылдың 12 айында облыс бойынша 603,2 ш.м. болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде тұрғындардың қаржысы есебінен жалпы ауданы 575 652 ш.м. болатын 3330 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданса, мемлекет пен басқа да қаржы көздерінен жалпы ауданы 27 558 ш.м. болатын көп қабатты тұрғын үйлердегі 343 пәтер пайдалануға қабылданды.
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 79 пайызды құрайды.
Инженерлік желілерді цифрландыру.
Қызылорда қаласы және оған қарасты елді мекендерін 1:500 масштабтағы инженерлік коммуникацияларын түгендеу және оны цифрландыру жұмыстары бойынша қажетті аудан көлемі 3400 га құрайды
Өз кезегінде, жергілікті бюджет есебінен 2020 жылға 400 гектар аумаққа 30,0 млн қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, 2021 жылға 3000 гектар көлемге Қызылорда қаласы аумағындағы жерасты және жер үсті инженерлік желілерін түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджетік өтінім дайындалып, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданды.
Бүгінгі таңда облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 8 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. 2020 жылдың
12 айы бойынша төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
6) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 0.
7) «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 374;
8) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 2494 жеке және заңды тұлғаға қызмет көрсетілді.
2020 жылдың 9 айы бойынша атқарған жұмыстар туралы
Бүгінгі таңда облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 6 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар. 2020 жылдың 9 айы бойынша төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
5)«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 292;
6)«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша – 1461 жеке және заңды тұлғаға қызмет көрсетілді.
Осы жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудандық және сәулет қала құрылысы бөлімдеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
2020 жылдың 9 айында облыс бойынша 485 336 ш.м. болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде облыс тұрғындардың қаржысы есебінен жалпы ауданы 483 784 ш.м. болатын 2 744 жеке тұрғын үй пайдалануға қабылданды.
Сәулет бөлімі - қала, аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында объектілердің, кешендердің, скверлер мен аллеялардың эскиздік жобаларын әзірленіп ұсыныстар берілуде.
Атап айтқанда:
2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Бүгінгі күні Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту жобасы өңіріміздің ең маңызды жобаларының бірі болып табылады.
Осыған орай бөлім тарапынан Сырдария өзенінің сол жағалауына 1532 гектар аумаққа әзірленген егжей – тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған ғимарттарға сәулеттік келбетін жақсарту мақсатындаконструктивтік және декоративтік шешімдерді қабылдай отырып эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыныстар берілуде.
Атап айтқанда:
Бүгінгі таңда облыс халқына құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетілуде. 2020 жылдың
6 айында төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
1) «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша – 0;
2) «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет бойынша – 0;
3) «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 1045;
4) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 647;
5) «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 0;
6) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 6254;
7) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 0;
8) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 0 жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілді.
2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау туралы:
2020 жылдың 3 айында облыс бойынша жалпы ауданы 128 985 ш.м. болатын 927 тұрғын үй пайдалануға берілді. Пайдалануға қабылданған тұрғын үйлердің барлығы жеке тұрғын үй салушылардың қаржысы есебінен салынды.
Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 102,3 пайызға артқандығын көрсетті.
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:
Бүгінгі таңда облыс халқына құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетілуде. 2020 жылдың
3 айында төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
6) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 3218;
7) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 0;
8) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша – 0 жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілді.
Сәулет бөлімі - қала, аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында объектілердің, кешендердің, скверлер мен аллеялардың эскиздік жобаларын әзірленіп ұсыныстар берілуде.
Атап айтқанда: