«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» басқармасының 2021 жылы іске асырған маңызыды
іс-шаралары туралы ақпарат
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы
Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы бекітілген Меморандумға сәйкес 2021 жылы 644,7 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып, жыл қорытындысымен көрсеткіш 661,2 мың ш.м. немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,6% құрап отыр.
Биылғы жылы облыс бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2528 пәтерді құрайтын 112 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл аяғына 1576 пәтерді құрайтын 90 тұрғын үй пайдалануға берілді және аз қамтылған көпбалалаы отбасыларға 321 пәтер сатып алынды.
Осы мақсаттарға мемлекеттік бюджет есебінен 13,4 млрд.теңге қаржы бөлінді (ҰҚ – 4,9 млрд.теңге, ОБ – 3,3 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 5,2 млрд.теңге).
Оның ішінде:
1.Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 59 үйдің (1195 пәтер – 76,8 мың.ш.м) құрылысына 3,0 млрд.теңге бөлінді (ҰҚ -2,1 млрд.тенге, ОБ-0,9 млрд.тенге):
- Қызылода қаласында – 17 үй (840 пәтер, 55,0 мың ш.м) құрылысы;
- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м);
- Сырдария ауданында – 33 үй (1 пәтерлі үйлер, 2,2 мың.ш.м);
- Байқоңыр қаласында – 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м).
Жыл қорытындысымен Қызылорда қаласында 590 пәтерлі 12 тұрғын үй, Сырдария ауданында 1 пәтерлі 33 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының сол жағалауында жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарға 50 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Шиелі ауданында 18 пәтерлі 4 тұрғын үй және Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйлер құрылысы 2022 жылға өтпелі.
2.Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – 44 үйдің (965 пәтер - 62,9 мың ш.м) құрылысына 6,7 млрд.теңге бөлінді (құнды қағаздар шығару арқылы – 5,2 млрд.теңге, ОБ- 1,5 млрд.теңге)
- Қызылорда қаласында - 19 үй (940 пәтер –61,2 мың ш.м);
- Шиелі ауданы, Шиелі кентінде – 25 үй (25 пәтер, 1,7 мың.ш.м).
Жыл қорытындысымен Шиелі кентінде 25 тұрғын үй және Қызылорда қаласында 560 пәтерді құрайтын 11 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, Қызылорда қаласында 40 пәтерлі 2 тұрғын үй 2022 жылға өтпелі.
3. Жеке құрылыс салушылар есебінен – Қызылорда қаласында 8 үйдің (318 пәтер –29,1 мың ш.м) құрылысы жүргізіліп, толығымен пайдалануға берілді.
- аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін барлығы 321 жалға берілетін пәтер сатып алынды (Қызылорда қаласы- 153 пәтер, Арал ауданы - 36 пәтер Қазалы ауданы - 36 пәтер, Қармақшы ауданы - 10 пәтер, Жалағаш ауданы - 30 пәтер, Сырдария ауданы - 36 пәтер, Шиелі ауданы - 20 пәтер).
Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы 47 жобаның құрылысы жүргізіліп, 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінді ( ҰҚ - 3,4 млрд.теңге, ОБ - 1,9 млрд.теңге)
2021 жылы барлығы 295,4 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері жүргізілді.
Әлеуметтік нысандар бойынша
2021 жылы барлығы 38 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді.
Оның ішінде - 17 нысан пайдалануға берілді.
Білім саласы бойынша – 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл соңына 5 нысан пайдалануға берілді: (2 мектеп, 1 қосымша спорт зал, 1 лагерь, 1 қосымша білім беру орталығы)
Денсаулық саласы бойынша – 12 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл аяғына 7 нысан пайдалануға берілді:(1 аурухана, 2 оңалту орталығы, 4 медециналық бекет)
Мәдениет саласы бойынша – 5 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл соңына 2 нысан пайдалануға берілді:(1 музей, 1 клуб)
Спорт саласы бойынша – 3 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл соңында 2 нысан пайдалануға берілді:
Қоғамдық тәртіп саласы бойынша – 2 нысанның құрылысы жүргізіліп 1 нысан пайдалануға берілді.
Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы бойынша – 3 нысан 2022 жылға өтпелі.
Әзірленген жоба-сметалық құжаттамалар бойынша
2021 жылы басқарма арқылы білім, денсаулық, мәдениет, ауылшаруашылығы, қоғамдық тәртіп және спорт салаларының тапсырысы негізінде 46 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
- денсаулық сақтау саласы бойынша – 23 нысан (6 медициналық бекет, 14 дәрігерлік амбулатория, 3 аурухана);
- спорт саласы бойынша – 1 нысан (1 дене шынықтыру -сауықтыру кешені);
- мәдениет саласы бойынша – 4 нысан (2 тарихи өлкетану музейі, 2 ауылдық клуб);
- білім беру саласы бойынша – 11 нысан (8 мектеп, 3 балабақша);
- ауылшарушылығы саласы бойынша – 4 нысан (4 ветеринариялық пункт);
- қоғамдық тәртіп саласы бойынша – 2 нысан (1 департамент ғимараты, 1 полиция учаскелік бекеті);
Оның ішінде, 11 нысанның жоба-сметалық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындылары алынды.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2021 жылдың 9 айы бойынша ақпарат
Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы бекітілген Меморандумға сәйкес 2021 жылы 644,7 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.
Облыс көлемінде жыл ішінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 158,9 мың ш.м құрайтын 2 408 пәтерді құрайтын 110 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін 106,8 мың ш.м құрайтын 1 608 пәтерді құрайтын 94 көпқабатты тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 342 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында:
- 695 пәтерді құрайтын 49 арендалық тұрғын үйлер (42,4 мың. ш. м), оның шінде, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына 232 пәтер және аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 463 пәтер;
- 665 пәтерді құрайтын 38 кредиттік тұрғын үйлер (Қызылорда қаласы – 640 пәтер 13 тұрғын үй, Шиелі ауданында – 25 тұрғын үй).
- Жеке құрылыс салушылар есебінен 248 пәтерлі 7 тұрғын үйлер (19,5 мың. ш. м.) пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 342 жалға берілетін пәтер сатып алынады.
Облыс бойынша 9 айдың нәтижесімен тұрғын үйді пайдалануға берудің болжамды көлемі 494,3 мың ш.м немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,7 пайызды құрап отыр (нақты көлемі айдың 20-нан кейін статистикалық есеп бойынша нақты белгілі болады).
Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы 37 жобаны жүзеге асыруға (Қызылорда қаласы – 26 жоба, Шиелі ауданы – 1 жоба, Қазалы ауданы – 4 жоба, Арал ауданы – 1 жоба, Қармақшы – 4 жоба, Жаңақорған ауданы – 1 жоба) және 8 жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірлеуге, 5,5 млрд. теңге қаржы бөлінді
2021 жылы 280 шқ ИКИ беру жоспарлануда.
2021 жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін ИКИ жүргізуге барлығы 18 жобаны жүзеге асыруға 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді
2021 жылдың 9 айында 13 жоба бойынша 103 шқ ИКИ пайдалануға берілді
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 2021 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы бекітілген Меморандумға сәйкес 2021 жылы 644,7 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда. Үстіміздегі жылдың алты айының қорытындысымен бұл көрсеткіш бойынша 296,9 мың ш.м. немесе былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105 пайызға орындалады деп болжамдалып отыр.
Биылғы жылы облыс бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 142,3 мың ш.м 2158 пәтерді құрайтын 105 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу, жыл аяғына дейін жалпы ауданы 106,8 мың ш.м 1608 пәтерді құрайтын 94 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Сонымен қатар,аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 342 жалға берілетін пәтер сатып алуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2 8млрд.теңге қаржы бөлінді.
Осы мақсаттарға мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 17,4 млрд.теңге қаржы бөлінді (ҰҚ – 8,3 млрд.теңге, ОБ – 3,9 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 5,2 млрд.теңге).
Анықтама ретінде:
- Қызылода қаласында – 12 үй (590 пәтер,38,2 мың ш.м) құрылысы 2020 жылдан өтпелі, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі;
- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м) құрылысы 2020 жылдан өтпелі, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі;
- Сырдария ауданында – 33 үй (1 пәтерлі үйлер, 2,2 мың.ш.м)тұрғын үй құрылысы, мамыр айында пайдалануға берілді;
- Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м.) құрылысы, 2022 жылға өтпелі.
- Қызылорда қаласында - 19 үй (940 пәтер –61,2 мың ш.м.) құрылысы 2020 жылдан өтпелі, оның ішінде 640 пәтерді құрайтын 13 үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі;
- Шиелі ауданы, Шиелі кентінде – 25 үй (25 пәтер, 1,7 мың.ш.м.) құрылысы 2020 жылдан өтпелі, мамыр айында пайдалануға берілді.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 695 пәтерді құрайтын 49 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 232 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына, 463 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларына беріледі.
Сонымен қатар, аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін 342 жалға берілетін пәтер сатып алынады.
Анықтама ретінде: Қызылорда - 192 пәтер, Арал ауданы - 35 пәтер Қазалы ауданы - 35 пәтер, Қармақшы ауданы - 10 пәтер, Жалағаш ауданы - 20 пәтер, Сырдария ауданы - 10 пәтер, Шиелі ауданы - 20 пәтер, Жаңақорған ауданы - 20 пәтер.
Сонымен бірге, үстіміздегі жылы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды кредиттік үймен қамтамасыз ету үшін 665 пәтерді құрайтын 38 тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Қазіргі таңда жобалау жұмыстары бойынша 320 834,0 мың. теңге құрайтын 16 нысанның(оның ішінде; білім беру саласы - 5 нысан, денсаулық сақтау - 3 нысан, спорт саласы - 2, мәдениет саласы - 2, ауыл шаруашылығы объектілері – 4 нысан) жоба-сметалық құжаттамалары(әрі қарай - ЖСҚ) әзірленіп,4 нысанмемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.4 нысанды сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
2021-2022 жылға барлық аудандар мен Қызылорда қаласының елді-мекендерінде барлығы 19 нысанныңЖСҚ-ларын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 91780,0 мың.теңге қаржы бөлініп отыр (дәрігерлік амбулатория - 8, медициналық бекет - 3, мәдениет нысаны – 3, спорт саласы – 4, әкімшілік ғимарат-1).Қазіргі таңда жобалау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін сараптамадан толық өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап білім беру нысандары ҚР Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес аудандық және қалалық құрылыс бөлімдерінен білім беру объектілерінің ЖСҚ әзірлеу және салу бойынша бірыңғай бюджеттік сыныптамадағы бюджеттік бағдарлама алынып тасталды және Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына берілді.Қазіргі уақытта аудандар мен Қызылорда қаласында аяқталмаған білім беру саласындағы 7 нысанның ЖСҚ-ларытеңгерімге қабылданып, жұмыстар жалғастырылуда. Қазіргі таңда қаржы бөлінген 1 нысанның ЖСҚ-сын аяқтап, сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Жобаны аяқтауға облыстық бюджеттен 48 791,67 мың. теңге бөлу көзделген.
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы
(2021жылдың 1 тоқсаны бойынша)
Ағымдағы жылы облыс бойынша бағдарлама шеңберінде тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына барлығы 11,0 млрд.теңге (ҰҚ-дан -7,6 млрд. теңге, ОБ-1,1 млрд. тг., 2,3 млрд. тг.облигациялар шығару есебінен) бөлінді.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен облыста 2 200 пәтерлік 99 тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған, жыл соңына дейін жалпы ауданы 125,1 мың ш.м. 1 917 пәтерлік 61 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда (оның ішінде 2022 жылға ауыспалы 38 тұрғын үйдің құрылысы).
Анықтама ретінде:
- Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша-54 үйдің құрылысына (945 пәтер – 59,9 мың ш.м. 5,2 млрд. теңге бөлінді. (ҰҚ-дан-4,7 млрд. тг., ОБ-0,5 млрд. тг).
(- Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауында-12 үй (590 пәтер,38,2 мың шаршы метр) ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.
- Шиелі ауданы, Шиелі кенті-4 үй (72 пәтер, 4,2 мың ш.м.);жыл соңына дейін пайдалануға беріледі).
– Байқоңыр қаласында-2022 жылға ауысатын 5 үй (250 пәтер, 15,4 мың ш.м.).
– Сырдария ауданы-33 үй (33 пәтер, 2,2 мың ш. м.) 2022 жылға өтпелі
– Жеке құрылыс салушылар есебінен Қызылорда қаласында 7 үйдің құрылысы жүргізілуде (248 пәтер-19,5 мың ш.м.).ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен несиелік тұрғын үй құрылысы бойынша - 38 тұрғын үй (665 пәтер – 42,7 мың ш.м.).
-. Қызылорда қаласында- СПМК – 70 ш. а 13 үй (640 пәтер,41,1 мың ш.м.) 2020 жылдан өтпелі.
- Шиелі ауданы, Шиелі кенті - 25 үй (25 пәтер, 1,6 мың ш.м. ағымдағы жылы пайдалануға беріледі).
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға барлығы 26 жобаның құрылысына 4,0 млрд. теңге бөлінді (ҰҚ-2,9 млрд.теңге, ОБ-1,1 млрд. теңге).
Облыс бойынша 2021 жылдың соңына дейін барлығы 644,7 мың ш.м. тұрғын үй мен 246 км инженерлік желілерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 –2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерін жүргізу үшін мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 19,8 млрд.теңге (РБ –8,1 млрд.теңге, ОБ – 5,5 млрд.теңге, құнды қағаздар шығару есебінен - 6,2 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
І. Тұрғын үй құрылысы
Облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша барлығы 815 пәтерді құрайтын 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 725 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй, Шиелі ауданында 90 пәтерді құрайтын 5 үй.
Сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020-2021 бағдарламасы аясында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 42 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
Жыл аяғына барлығы 150 пәтерді құрайтын 5 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді.(Қызылорда қ-сы – 90 пәтер, 2 үй; Шиелі ауд. – 18 пәтер, 1 үй, Сырдария ауд -42 пәтер 2 үй).
Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 755 пәтерді құрайтын 68 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, Қызылорда қаласында СПМК-70 тұрғын ауданында 640 пәтерді құрайтын 13 көпқабатты тұрғын үй және Шиелі ауданында 25 тұрғын үй 2021 жылға өтпелі.
Жыл соңына үш ауданда 90 пәтерді құрайтын 30 бірқабатты тұрғын үйлер биылғы жылы пайдалануға берілді. (Арал ауданында 4 пәтерлі 10 үй, Қазалы ауданында 4 пәтерлі 10 үй, Жалағаш ауданында 10 үй,).
Жеке коммерциялық құрылыс салушылар есебінен барлығы 376 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, жыл аяғына 118 пәтерді құрайтын 3 тұрғын үйді пайдалануға берілді.
Осылайша, жыл аяғына барлығы 358 пәтерді құрайтын 38 тұрғын үйді пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қаласында 10 тұрғын үй және Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде 18 пәтерлі бір тұрғын үй сатып алынды.
Жалпы, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2020 жылы облыс бойынша 603,2 мың ш.м тұрғын үй берілді.
ІІ. Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 5,1 млрд.теңге (РБ –2,7 млрд.теңге, ОБ – 2,4 млрд.теңге) қаржы бөлініп, 25 жобаның құрылысын жүргізілді.
-Қызылорда қаласы -21жоба;
- Арал ауданы -1жоба;
- Сырдария ауданы -2жоба;
- Шиелі ауданы -1жоба.
Жыл ішінде 191,8 шқ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілді.
2020 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2020 жылы Тұрғын үй-коммуналдық даму жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларына барлығы – 21,0 млрд.теңге (РБ-7,7 млрд.теңге, құнды қағаздар шығару есебінен-8,2 млрд.теңге, ОБ-5,1 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Тұрғын үй.
Облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің (129,0 м.ш.м) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша 815 пәтерді құрайтын 20 тұрғын үй (53,8 м.ш.м), несиелік тұрғын үйлер 755 пәтерді құрайтын 68 тұрғын үй, жеке құрылыс салушылар есебінен 376 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үй.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 20 тұрғын үйдің (815 пәтер – 53,8 мың ш.м).
Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 15 тұрғын үй (725 пәтер 48,6 м.ш.м) құрылысы жүргізілуде. Оның 14 тұрғын үйі (680 пәтер) жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Қалған 1 үй 45 пәтер 2021 жылға өтпелі.
Шиелі ауданында 5 тұрғын үй (90 пәтер 5,2 м.ш.м.). Биылғы жылы 18 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Қалған 18 пәтерлі 4 тұрғын үй 2021 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 70,9 млн.теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға Жаңақорған ауданында 18 пәтерлі бір тұрғын үйді сатып алу жоспарлануда.
- Несиелік тұрғын үйлер құрылысы- 68 тұрғын үйдің(755 пәтер – 47,8 мың ш.м) құрылысы жүргізіліп, оның 115 пәтері бар 55 тұрғын үйі пайдалануға берілетін болады. Қалған 640 пәтерді құрайтын Қызылорда қаласында СПМК тұрғын ауданында 13 тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылға өтпелі.
- Жеке құрылысшылар есебінен Қызылорда қаласында 10 тұрғын үйдің (376 пәтер 29,8 м.ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 156 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
2020жылдың соңына дейін барлығы 987 пәтерді құрайтын 75 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Қалған 24 тұрғын үйдің (арендалық 117 пәтерлі 5 тұрғын үй, 640 пәтерлі несиелік 13 тұрғын үй және жеке құрылысшылар есебінен -261 пәтерлі 6 тұрғын үй) құрылысы 2021 жылға өтпелі.
Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы 19 жобаның құрылысын жүргізілуде. Жылдың соңына дейін 13 жобаның құрылысы толық аяқталып тұрғын үй құрылысы аудандарына 145,8 шқ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілетін болады.
2020 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 591,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.
2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
1.2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндебарлығы15,6 млрд.теңге бөлінді (РБ-7,7 млрд.теңге, ОБ-7,9 млрд.теңге).
Оның ішінде тұрғын үй құрылысына11,1 млрд.теңге бөлінді (РБ-5,3 млрд.теңге, ОБ-5,7 млрд.теңге).
Облыс бойынша 87 тұрғын үйдің (1406 пәтер) құрылысы жүргізілуде.
Жалға берілетін үйлердің құрылысы – 20 үй (815 пәтер – 53,8 мың ш.м):
2020 жылы 698 пәтерлі 15 үй (44,9 мың ш.м) пайдалануға беріледі.
Несиелік тұрғын үйлердің құрылысы – 57 үй (215 пәтер – 13,1 мың ш.м):
2020 жылы 115 пәтерлі 55 үй(6,8мың ш.м) пайдалануға беріледі.
Жеке салушылар есебіненҚызылорда қаласында 10 тұрғын үйдің (376 пәтер)құрылысы жүргізілуде.
Жалпы 2020 жылдың аяғына дейін қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1043 пәтерлі 74 үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
- Қызылорда қаласында - 11жоба,
- Арал ауданында - 1 жоба,
- Сырдария ауданында - 2 жоба.
- Шиелі ауданында - 1 жоба.
2020 жылы облыс бойынша 45,3шқ инженерлік инфрақұрылым желілері жүргізіледі.
6 айдың қорытындысымен бағдарлама бойынша бөлінген қаржы 4,2 млрд.тенге (РБ-1,8 млрд.тенге,ОБ-2,4 млрд. тенге) толықтай игеріліп, жоспар 100%орындалды.
Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру үшін 2020 жылы Қызылорда облысы аумағында құрылыс саласы бойынша 30 нысанның құрылысын салу үшін облыстық бюджеттен ішкі қарыздар есебінен 6555742,6 мың теңге бөлінді. Оның ішінде басқарма арқылы 5 нысанның құрылысына 1383902,5 мың теңге , аудандарға трансферттер арқылы салынатын 25 нысанның құрылысына 5171840,1 мың теңге қаржы бөлінді.
Салалар бойынша білім беру – 6, мәдениет – 5, спорт – 11, денсаулық сақтау - 1, тұрғын үй құрылысы – 1, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым – 6 нысан.
Аудандар бөлінісінде:
2020 жылдың 6 ай қорытындысымен Жол картасы бойынша жоспарланған қаржыҚызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Сырдария, Жалағаш, Шиелі аудандары бойынша толықтай игеріліп, жоспар 100 % орындалса, Жаңақорған ауданы бойынша жоспарланған қаржы 90,7 % игеріліп, нәтижеге қол жеткізілген жоқ.
2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы
2019 жылға мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына барлығы 11,0 млрд.теңге бөлінді (РБ -8,0млрд.тг, ОБ – 1,9 млрд.тг., облигациялар шығару есебінен -1,1 млрд.тг.).
Оның ішінде, тұрғын үй құрылысына 7,2 млрд. теңге бөлінді (РБ-5,3 млрд. теңге, ОБ-0,8 млрд. теңге, облигациялар шығару есебінен -1,1 млрд.тг.)
Барлық қаржыландыру көздері есебінен 25 көпқабатты тұрғын үйдің (1006 пәтер, 69,1 мың.ш.м.) құрылысын жүргізу жоспарланған, оның ішінде:
Жыл аяғына дейін 698 пәтерлі 15 тұрғын үй (44,9 мың.ш.м.) пайдалануға берілетін болады.
2020 жылы облыс бойынша барлығы 889 пәтерлі 20 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Аталған тұрғын үйлердің ішінде 431 пәтер аз қамтылған көп балалы отбасыларға берілетін болады.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 12 жобаның құрылысын жүргізуге 3,8 млрд.теңге қаржы бөлінді. (РБ-2,7 млрд.тенге, ОБ-1,1 млрд.тенге).
2020 жылы облыс бойынша 778,5 мың шаршы метр тұрғын үй және 189,2 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері пайдалануға берілетін болады.