«Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы» басқармасының 2021 жылы іске асырған маңызыды
іс-шаралары туралы ақпарат
«Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы
Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы бекітілген Меморандумға сәйкес 2021 жылы 644,7 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып, жыл қорытындысымен көрсеткіш 661,2 мың ш.м. немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,6% құрап отыр.
Биылғы жылы облыс бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2528 пәтерді құрайтын 112 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл аяғына 1576 пәтерді құрайтын 90 тұрғын үй пайдалануға берілді және аз қамтылған көпбалалаы отбасыларға 321 пәтер сатып алынды.
Осы мақсаттарға мемлекеттік бюджет есебінен 13,4 млрд.теңге қаржы бөлінді (ҰҚ – 4,9 млрд.теңге, ОБ – 3,3 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 5,2 млрд.теңге).
Оның ішінде:
1.Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 59 үйдің (1195 пәтер – 76,8 мың.ш.м) құрылысына 3,0 млрд.теңге бөлінді (ҰҚ -2,1 млрд.тенге, ОБ-0,9 млрд.тенге):
- Қызылода қаласында – 17 үй (840 пәтер, 55,0 мың ш.м) құрылысы;
- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м);
- Сырдария ауданында – 33 үй (1 пәтерлі үйлер, 2,2 мың.ш.м);
- Байқоңыр қаласында – 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м).
Жыл қорытындысымен Қызылорда қаласында 590 пәтерлі 12 тұрғын үй, Сырдария ауданында 1 пәтерлі 33 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының сол жағалауында жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарға 50 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Шиелі ауданында 18 пәтерлі 4 тұрғын үй және Байқоңыр қаласында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйлер құрылысы 2022 жылға өтпелі.
2.Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – 44 үйдің (965 пәтер - 62,9 мың ш.м) құрылысына 6,7 млрд.теңге бөлінді (құнды қағаздар шығару арқылы – 5,2 млрд.теңге, ОБ- 1,5 млрд.теңге)
- Қызылорда қаласында - 19 үй (940 пәтер –61,2 мың ш.м);
- Шиелі ауданы, Шиелі кентінде – 25 үй (25 пәтер, 1,7 мың.ш.м).
Жыл қорытындысымен Шиелі кентінде 25 тұрғын үй және Қызылорда қаласында 560 пәтерді құрайтын 11 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал, Қызылорда қаласында 40 пәтерлі 2 тұрғын үй 2022 жылға өтпелі.
3. Жеке құрылыс салушылар есебінен – Қызылорда қаласында 8 үйдің (318 пәтер –29,1 мың ш.м) құрылысы жүргізіліп, толығымен пайдалануға берілді.
- аз қамтылған көп балалы отбасылар үшін барлығы 321 жалға берілетін пәтер сатып алынды (Қызылорда қаласы- 153 пәтер, Арал ауданы - 36 пәтер Қазалы ауданы - 36 пәтер, Қармақшы ауданы - 10 пәтер, Жалағаш ауданы - 30 пәтер, Сырдария ауданы - 36 пәтер, Шиелі ауданы - 20 пәтер).
Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы 47 жобаның құрылысы жүргізіліп, 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінді ( ҰҚ - 3,4 млрд.теңге, ОБ - 1,9 млрд.теңге)
2021 жылы барлығы 295,4 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері жүргізілді.
Әлеуметтік нысандар бойынша
2021 жылы барлығы 38 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілді.
Оның ішінде - 17 нысан пайдалануға берілді.
Білім саласы бойынша – 13 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл соңына 5 нысан пайдалануға берілді: (2 мектеп, 1 қосымша спорт зал, 1 лагерь, 1 қосымша білім беру орталығы)
Денсаулық саласы бойынша – 12 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл аяғына 7 нысан пайдалануға берілді:(1 аурухана, 2 оңалту орталығы, 4 медециналық бекет)
Мәдениет саласы бойынша – 5 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл соңына 2 нысан пайдалануға берілді:(1 музей, 1 клуб)
Спорт саласы бойынша – 3 нысанның құрылысы жүргізіліп жыл соңында 2 нысан пайдалануға берілді:
Қоғамдық тәртіп саласы бойынша – 2 нысанның құрылысы жүргізіліп 1 нысан пайдалануға берілді.
Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы бойынша – 3 нысан 2022 жылға өтпелі.
Әзірленген жоба-сметалық құжаттамалар бойынша
2021 жылы басқарма арқылы білім, денсаулық, мәдениет, ауылшаруашылығы, қоғамдық тәртіп және спорт салаларының тапсырысы негізінде 46 нысанның жоба-сметалық құжаттамасы әзірлеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
- денсаулық сақтау саласы бойынша – 23 нысан (6 медициналық бекет, 14 дәрігерлік амбулатория, 3 аурухана);
- спорт саласы бойынша – 1 нысан (1 дене шынықтыру -сауықтыру кешені);
- мәдениет саласы бойынша – 4 нысан (2 тарихи өлкетану музейі, 2 ауылдық клуб);
- білім беру саласы бойынша – 11 нысан (8 мектеп, 3 балабақша);
- ауылшарушылығы саласы бойынша – 4 нысан (4 ветеринариялық пункт);
- қоғамдық тәртіп саласы бойынша – 2 нысан (1 департамент ғимараты, 1 полиция учаскелік бекеті);
Оның ішінде, 11 нысанның жоба-сметалық құжаттамаларына сараптаманың оң қорытындылары алынды.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2021 жылдың 9 айы бойынша ақпарат
2021 жылға 37 әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге мемлекеттік бюджет есебінен 10,1 млрд тенге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржыға 2020 жылдан өтпелі 21 нысан және 16 жаңа нысандардың құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда:
2021 жылдың 9 ай қорытындысымен 4,9 млрд. теңге игеру жоспарланып, жоспар 100%-ға орындалды.
Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша 5 нысан пайдалануға беріліп отыр, олар:
Осылайша, бүгінге күнге 5 нысанның құрылысы аяқталып отыр, жыл соңына дейін тағы да 15 нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда. Қалған 17 нысан 2022 жылға өтпелі.
Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 2021 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2021 жылға 30 әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жоспаланған (оның ішінде, 21 нысанның құрылысы 2020 жылдан өтпелі және 9 жаңа нысан).
Оның ішінде:
Білім саласы – 12 нысан;
Денсаулық саласы – 5 нысан;
Спорт саласы – 3 нысан;
Мәдениет саласы – 5 нысан;
Қоғамдық тәртіп саласы – 2 нысан;
«Бизнестің жол картасы» - 3 нысан.
2021 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша бөлінген 12,7 млрд. теңгенің 2,5 млрд. теңгесі игерілді. Бүгінгі күнге дейін 3 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Атап айтқанда:
Жыл аяғына дейін тағы да 18 нысанның құрылысы аяқтау жоспарланған, қалған 12 нысан 2022 жылға өтпелі.
Қазіргі таңда жобалау жұмыстары бойынша 320 834,0 мың. Теңге құрайтын 16 нысанның (оның ішінде; білім беру саласы - 5 нысан, денсаулық сақтау - 3 нысан, спорт саласы - 2 нысан, мәдениет саласы - 2 нысан, ауыл шаруашылығы объектілері – 4 нысан) жоба-сметалық құжаттамалары(әрі қарай - ЖСҚ) әзірленуде. Оның ішінде4 нысан мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды және 4 нысанды сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
2021-2022 жылға барлық аудандар мен Қызылорда қаласының елді-мекендерінде барлығы 19 нысанның ЖСҚ-тарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 91780,0 мың.теңге қаржы бөлініп отыр (дәрігерлік амбулатория - 8, медициналық бекет - 3, мәдениет нысаны – 3, спорт саласы – 4 нысан, әкімшілік ғимарат-1 нысан).Қазіргі таңда жобалау жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін сараптамадан толық өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, 2021 жылдан бастап білім беру нысандары ҚР Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес аудандық және қалалық құрылыс бөлімдерінен білім беру объектілерінің ЖСҚ әзірлеу және салу бойынша бірыңғай бюджеттік сыныптамадағы бюджеттік бағдарлама алынып тасталып, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына берілді.Қазіргі уақытта аудандар мен Қызылорда қаласында аяқталмаған білім беру саласындағы 7 нысанның ЖСҚ-ларытеңгерімге қабылданып, жұмыстар жалғастырылуда. Оның ішінде қаржы бөлінген 1 нысанның ЖСҚ-сы аяқталып, сараптамадан өткізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. Қалған 6 жобаны аяқтауға облыстық бюджеттен 47418,00 мың. теңге бөлу көзделген.
2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2021 жылға 24 әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізу жоспаланған (оның ішінде, 20 нысанның құрылысы 2020 жылдан өтпелі және 4 жаңа нысан).
Бүгінгі күнге дейін 2 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Атап айтқанда:
Жыл аяғына дейін тағы да 16 нысанның құрылысы аяқтау жоспарланған, қалған 6 нысан 2022 жылға өтпелі.
2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2020 жылға әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге бюджет есебінен 10,4 млрд тенге қаржы бөлінген (оның ішінде 2019 жылдан өтпелі 15 нысан және 18 жаңа нысан).
Жалпы басқарма арқылы 33 нысанның құрылыстары жүргізілуде: (білім саласы бойынша 11 нысан, денсаулық саласы бойынша 5 нысан, мәдениет саласы 4 нысан, спорт саласы бойынша 4 нысан, қоғамдық тәртіп – 4 нысан, әкімшілік ғимарат 2 нысан, темір жол 1).
2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 нысан пайдалануға беріліп отыр, атап айтқанда:
20 нысан 2020 жылға өтпелі.
2020 жылдың ІІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2020 жылға әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге 10,3 млрд. теңге қаржы бөлінді (оның ішінде, 13 нысанның құрылысы 2019 жылдан өтпелі және 17 жаңа нысан).
Жалпы басқарма бойынша 30 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған (білім саласы 11 нысан, денсаулық сақтау 4 нысан, мәдениет 4 нысан, спорт 4 нысан, қоғамдық тәртіп 4 нысан, әкімшілік ғимарат 4 нысан, темір жол тұйығы 1).
Бүгінгі күнге дейін 3 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Атап айтқанда:
Жыл аяғына дейін тағы да 19 нысанның құрылысы аяқтау жоспарланған, қалған 8 нысан 2021 жылға өтпелі.
2020 жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2020 жылға әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге 9,1 млрд. теңге қаржы бөлінді(оның ішінде, 13 нысанның құрылысы 2019 жылдан өтпелі және 17 жаңа нысан).
Жалпы басқарма бойынша 30 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған (білім саласы 11 нысан, денсаулық сақтау 4 нысан, мәдениет 4 нысан, спорт 4 нысан, қоғамдық тәртіп 4 нысан, әкімшілік ғимарат 4 нысан, темір жол тұйығы 1).
Жыл аяғына дейін 22 нысанның құрылысы аяқтау жоспарланған, қалған 8 нысан 2021 жылға өтпелі.
2020 жылға «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы арқылы 5 нысанның, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы 4 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі күнге құрылысқа рұқсат алынып, құрылыс-монтаж жұмыстары басталған.
2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
2020 жылы басқарма арқылы 24 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарына ағымдағы жылы мемлекеттік бюджеттен 6,5 млрд.теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде, 15 нысанның құрылысы 2019 жылдан өтпелі және 9 жаңа нысан. Қазіргі таңда, 15 нысанның құрылысы жүргізілуде, жаңа 9 нысанның 5-уінің мердігері анықталды, 4 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. (білім саласы бойынша 8 нысан, денсаулық саласы бойынша 3 нысан, мәдениет саласы 1 нысан, спорт саласы бойынша 1 нысан, оқу-жаттығу полигоны – 1 нысан, әкімшілік ғимарат 3 нысан, темір жол 1, инженерлік инфрақұрылым 1 нысан, Реконструкция 5)