Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен атқарылып жатқан жұмыстар туралы
Сәулет жіне қала құрылысы саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:
Сәулет және қала құрылысы саласында 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Оның бесеуі қалалық, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен көрсетіледі.
Атап айтқанда:
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну (Қағидалар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген);
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу (Қағидалар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген);
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру (Қағидалар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 наурыздағы №168 бұйрығымен бекітілген);
- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру (Қағидалар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі №202 бұйрығымен бекітілген);
- Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген).
2022 жылы облыста жалпы аталған қызметтер бойынша 14 145 тұрғынға қызметтер көрсетілген.
электрондық қызмет алушылардың санын ұлғайтуға басты назар аударылып, бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қолға алынуда.
Сонымен қатар, тек басқарма тарапынан көрсетілетін «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызметтерін алуға www.elicense.kz арқылы 3 тұрғынға өз мерзімінде қызмет көрсетілді.