2022 жылдың 9 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 50 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны 60,0 млрд теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
- білім беру нысандары – 6 жоба (6 мектеп), жалпы құны – 11,7 млрд теңге;
- денсаулық сақтау нысандары – 23 жоба (1 көпсалалы аурухана, 16 амбулатория, 6 мед. бекет), жалпы құны – 44,0 млрд теңге;
- спорт нысандары – 4 жоба (4 спорт кешені), жалпы құны – 2,0 млрд теңге;
- мәдениет нысандары – 3 жоба (3 клуб үйі, жалпы құны – 1,6 млрд теңге;
- ауылшаруашылығы нысандары– 4 жоба (4 ветеринарлық пункт),
жалпы құны – 264,7 млн теңге.
Сондай-ақ, Демеушілердің қолдауымен өз қаражаты есебінен 189,2 млн. теңгеге 6 құрылыс нысанының (4 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 мемлекеттік орган нысаны) жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. 6 нысанның жалпы сметалық құны 8,7 млрд теңгені құрайды.
Атап айтқанда;
- Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан «Неке сарайы құрылысы»
- «Көпфунционалды кешен құрылысы»;
- «Қызылорда қаласы Түркістан көшесіндегі 550 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы»;
- «Қызылорда қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы»;
- Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесі №5 мекенжайында 550 орындық бастауыш оқу ғимараты құрылысы»;
- Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Жанқожа батыр №5 мекенжайында 375 орындық бастауыш оқу ғимараты құрылысы
Оған қоса, қазіргі таңда Демеушілердің қолдауымен «Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылдық округі Ақшатау ауылында 50 орындық мектеп құрылысы» нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.
Қазіргі таңда 12 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде (білім беру – 6, денсаулық сақтау – 2, мәдениет – 2, спорт – 1). Оның ішінде 5 жоба сараптама қарауында.