Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы
2022 жылға әлеуметтік нысандар құрылысы, тұрғын үй құрылысы және инженерлік инфрақұырылым тартуға мемлекеттік бюджеттен 18,2 млрд.теңге бөлініп отыр.
Бұл қаражатқа 27 әлеуметтік нысанның құрылысы, 32 тұрғын үй құрылысы және 40 инженерлік инфрақұрылым жобаларын жүргізу жоспарланған.
Анықтама үшін:
Білім беру саласы – 12 нысан (7 мектеп, 2 оқу корпусы, 2 балабақша, 1 оқушылар үйі);
Денсаулық сақтау саласы – 6 нысан;
Мәдениет саласы – 4 нысан;
Спорт саласы – 1 нысан;
Мемлекеттік органдар – 1 нысан;
Бизнестің жол картасы бойынша – 3 нысан.
Оның ішінде, үстіміздегі жылдың тамыз, қыркүйек айларында жылына 5-10 мың донорлық облыстық қан орталығы, неке сарайы, мәдениет саласындағы көпсалалы кешен және 2 оқу корпустарының құрылыстары басталды.
9 айдың қорытындысы бойынша 7 нысан пайдалануға беріліп отыр.
Анықтама үшін: 1) Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана құрылысы; 2) Арал ауданы Сексеуіл ауылдық округінің Жалғызағым елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 3) Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Жұбан елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 4) Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі; 5) Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулатория; 6) Шыны зауытына темір жол тұйығы; 7) Арал қаласында 100 орындық инернатымен 200 орындық №71 мектеп.
Жалпы 2022 жылы 17 әлеуметтік нысанды аяқтауды жоспарлап отырмыз, ал қалған 10 нысан 2023 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, биылғы жылы тұрғын үй құрылысы бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 682,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жыл басынан барлығы 1764 пәтерді құрайтын 32 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Оның ішінде, 10 сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйлер және 22 кредиттік тұрғын үйлер.
Жыл соңына 1294 пәтерді құрайтын 22 тұрғын үйдің құрылысын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Қалған 10 кредиттік үйлер 2023 жылға өтпелі.
Бұған қоса жеке кәсіпкерлер есебінен 9 көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілетін болады.
Бүгінгі күнге СПМК-70 ауданында 40 пәтерлік 2 тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр.
Осылайша, жыл соңына, барлық қаржыландыру көздері есебінен 31 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
2022 жылғы қаңтар–қыркүйек айларының қорытындысымен қаржыландырудың барлық көздері есебінен 519,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Оның ішінде Қызылорда қаласы СПМК-70 тұрғын ауданында 40-пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді.
Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы барлығы 227,7 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жоспарлануда, оның ішінде электр желісі – 114,6 шқ, ауыз су желісі – 86,1 шқ, газ желісі – 17,4 шқ, жылу желісі – 9,6 шқ.
Жалпы басқарма бойынша бөлінген қаражатты мақсатты әрі тиімді жұмсау, қаржы игеруді жоспарлау және құрылыс нысандарының бекітілген жобаға сәйкес жүргізілуі қатаң бақылауға алынған.