Меню

Страницы

Статья

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2022 жылғы 6 айлық қорытындысы

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2022 жылғы 6 айлық қорытындысы

 

  1. Тұрғын үй құрылысы:

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 33,8 млрд. теңге, немесе өткен жылғы тиісті кезеңге 127,4 % құрады.  

Қызылорда облысы әкімдігі мен ҚР Премьер-Министрі арасындағы бекітілген Меморандумға сәйкес 2022 жылы 682,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Биылғы  жылы облыс бойынша Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы ауданы 95,0 мың ш.м 1294 пәтерді құрайтын 31тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл аяғына дейін  пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Осы мақсаттарға мемлекеттік бюджет есебінен 4,8 млрд.теңге қаржы бөлінді (ҰҚ – 0,9 млрд.теңге, ОБ – 0,5 млрд.теңге,бағалы қағаздар шығару есебінен -3,1 млрд.теңге).

Оның ішінде:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 10 үйдің (372 пәтер – 22,9 мың.ш.м) құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беру жоспарлануда. Оның ішінде:

- Қызылорда қаласында-1үй (50 пәтер-3,4мың.ш.м.);

- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м);

- Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м).

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – Қызылорда қаласының СПМК тұрғын ауданында 12 тұрғын үйдің (580 пәтер - 38,6 мың ш.м) құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жеке құрылыс салушылар есебінен – Қызылорда қаласында
9 тұрғын үйдің (342 пәтер –33,5 мың ш.м) құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру.

2022 жылғы қаңтар–маусым айларының қорытындысымен қаржыландырудың барлық көздері есебінен 312,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,9 % құрап отыр.

Оның ішінде Қызылорда қаласы СПМК-70 тұрғын ауданында 40-пәтерлі 1 кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы – 3,6 млрд. теңге қаржы бөлінді  ( РБ – 2,1 млрд. теңге,ҰҚ - 0,3 млрд.теңге, ОБ - 1,2 млрд.теңге)

2022 жылдың аяғына дейін барлығы 227,7 шақырым инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жоспарлануда, оның ішінде электр желісі – 114,6 шқ, ауыз су желісі – 86,1 шқ, газ желісі – 17,4 шқ, жылу желісі – 9,6 шқ.

  1. Әлеуметтік нысандар құрылысы:

2022 жылға құрылыс саласы бойынша әлеуметтік нысандар құрылысына мемлекеттік бюджеттен 5,2 млрд.теңге бөлінді.

Бұл қаражатқа 27 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізу жоспарланған.

Анықтама үшін: (білім беру – 12 (7 мектеп, 2 оқу корпусы, 2 балабақша, 1 оқушылар үйі), денсаулық сақтау – 6, мәдениет – 4, спорт – 1, мемлекеттік органдар – 1, бизнестің жол картасы – 3,).

Соның ішінде, ағымдағы жылдың 2 жартысында жылына 5-10 мың донорлық облыстық қан орталығы, неке сарайы, мәдениет саласындағы көпсалалы кешен және 2 оқу корпустарының құрылысын бастау жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 3 нысан пайдалануға берілді.

Анықтама үшін: 1) Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде 250 орындық емхана құрылысы; 2) Арал ауданы Сексеуіл ауылдық округінің Жалғызағым елді мекенінде медициналық бекет құрылысы; 3) Қазалы ауданы, Сарыкөл ауылдық округі, Жұбан елді мекенінде медициналық бекет құрылысы.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 14 әлеуметтік нысанды аяқтау жоспарланса, қалған 10 нысан 2023 жылға өтпелі.

 

  1. Қаржы игеру:

2022 жылдың жылдық қаржы жоспары-16943,4 млн теңге,оның ішінде:

  • басқарма арқылы – 5559,5 млн теңге
  • аудандар мен қала бойынша – 11383,9 млн теңге

2022 жылдың6 айының қаржы жоспары – 4100,1 млн теңге, о.і.

  • басқарма арқылы – 864,9 млн теңге
  • аудандар мен қала бойынша – 3235,2 млн теңге

2022 жылдың 6 айында қаржының игерілу пайызы – 100,0%

2022 жылдың 6 айында игерілмей қалған қаржы – 129,0 теңге

 

  1. Жобалау жұмыстары:

2022 жылдың 6 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 39 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны59,1 млрд теңгені құрап отыр.

Оның ішінде:

  • білім беру нысандары – 5 жоба(5 мектеп), жалпы құны – 11 млрд теңге;
  • денсаулық сақтау нысандары – 23 жоба(1 көпсалалы аурухана, 16 амбулатория, 6 мед. бекет), жалпы құны – 44,0 млрд теңге;
  • спорт нысандары – 4 жоба(4 спорт кешені), жалпы құны – 2 млрд теңге;
  • мәдениет нысандары – 3 жоба(3 клуб үйі, жалпы құны – 1,6 млрд теңге;
  • ауылшаруашылығы нысандары– 4 жоба(4 ветеринарлық пункт), жалпы құны – 0,2 млрд теңге.

Бұған қоса, 16 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (білім беру – 6, денсаулық сақтау – 2, мәдениет – 2, спорт – 1, қоғамдық тәртіп – 2, жұмылдыру дайындығы - 3). Оның ішінде 6 жоба сараптама қарауында.

 Сондай-ақ, мемлекеттік бюджеттің қаражатын игерумен қатар, инвестиция тарту бағытында жұмыстар атқарылды. Демеушілердің қолдауымен өз қаражаты есебінен 123,0млн.теңгеге4құрылыс нысанының(2 мектеп, 1 өнер мектебі, 1 мемлекеттік орган нысаны) жоба-сметалық құжаттамалары әзірленді. 4 нысанның жалпы сметалық құны 7,1 млрд теңгені құрайды.

Атап айтқанда;

  1. Қызылорда қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойынан «Неке сарайы құрылысы»
  2. «Көпфунционалды кешен құрылысы»,
  3. «Қызылорда қаласы Түркістан көшесіндегі №2 мектепке қосымша 550 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы»
  4. «Қызылорда қаласы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №101 мектепке қосымша 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы».

Аталған бағытта жұмыстар жалғастырылуда, қазіргі таңда Демеушілердің қолдауымен «Арал ауданы Аманөткел ауылдық округі Ақшатау ауылында 50 орындық мектеп құрылысы», «Қызылорда қаласындағы №264 мектеп-лицейге 550 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы» және «Қызылорда қаласы №3 мектеп-лицейіне қосымша 375 орындық бастауыш сынып оқу корпусының құрылысы» нысандарының жоба-сметалық құжаттамалары әзірлену үстінде.

 

  1. Сәулет және қала құрылысы саласы:

Облыс бойынша 2008 жылдан бүгінгі күнге дейінгі мерзімде қала және кент орталықтарына әзірленген бас жоспары негізінде 46 егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, жоабаларға инженерлік инфрақұрылым желілерінің жүргізілуі және оның тиімділігін анықтау мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жалпы облыс бойынша 14 465 жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі жоспарланып, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілген.

Оның 5 564 жер учаскесіне тұрғын үй құрылыстары бой көтеріп игерілген. Ал, қалған 8 901 жер учаскесі (61%) игерілмеген.

 

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы