Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтің имиджі

Арал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімі аппараты тарапынан бастама көтеріліп қуаңшылықтың қиындығын бірге еңсеру үшін және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында Сырдария ауданы аумағынанда асар әдісімен шөп ору шарасы ұйымдастырылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қысылтаяң шақта облыс әкімі аппараты асар әдісімен ұйымдастырған шөп ору шарасына Басқарма тарапынан жастар бірігіп ортақ іске жанашырлық танытып межеленген жерге табан тіреп, мал азығын дайындау жұмыстарына кірісіп кетті. Орылған шөп арнайы техникалардың көмегімен ауданға жеткізілмек.


2021 жылдың І тоқсанында Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан «Қайырымды істер марафоны» жалпы ұлттық жобасы аясында наурыз мерекесіне орай әлеуметтік осал топтағы үш отбасыға азық-түлік түрінде көмек көсетілді.


«1-қаңтар Жаңа жыл» мерекесі қарсаңында, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметшілері жаңа жылдық іс-шаралардан бастартып, оның орнына 2020 жылдың желтоқсан айында тұрмысы төмен 3 отбасыға азық-түлік түрінде көмек көрсетті.


2020 жылдың ІІІ тоқсанында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша заңнамасына енген өзгерістер мен толықтырулар жайлы құқықтық оқу өткізілді.

«Заң білмеушілік, жауапкершіліктен құтқармайды» тақырыбында басқарма қызметкерлінің қатысумен  ақпараттық сипаттағы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына  енген өзгерістер мен толықтырулар жайлы құқықтық оқу өткізілді.

Мемлекеттік қызмет саласын дамыту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы бағытындағы жұмыстар басқармамен тұрақты бақылауға алынған және өз деңгейінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.


Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен Басқарманың қызметкерлерін жыл сайын және жаңадан келген қызметкерлерді дербес қол қою арқылы таныстыру бойынша жұмыстар жүргізіліп тұрады.

Дата публикации
14 февраля 2020
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы