Меню

Страницы

Статья

Азаматтық бюджет

Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

 2020 жылға әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге бюджет есебінен 16,8 млрд тенге қаржы бөлінген (оның ішінде 2019 жылдан өтпелі 15 нысан және 18 жаңа нысан).

Жалпы басқарма арқылы 33 нысанның құрылыстары жүргізілуде: (білім саласы бойынша 11 нысан, денсаулық саласы бойынша 5 нысан, мәдениет саласы 4 нысан, спорт саласы бойынша 4 нысан, қоғамдық тәртіп – 4 нысан,  әкімшілік ғимарат 2 нысан, темір жол 1).

2020 жылдың қорытындысы бойынша 13 нысан пайдалануға беріліп отыр, атап айтқанда:

  • Жалағаш ауданы М.Шәменов атындағы ауылдық округіндегі 140 орындық №34 орта мектеп құрылысы;
  • Қазалы ауданы Ақсуат ауылындағы 90 орындық балабақша құрылысы;
  • Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы әкімшілік ғимаратының құрылысы;
  • Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде әкімшілік ғимараты құрылысын салу;
  • Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратын уақытша ұстау бөлмелері үшін жапсаржай орналастыру үшін реконструкциялау;
  • Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік ғимаратын уақытша ұстау бөлмелері үшін жапсаржай орналастыру үшін реконструкциялау;
  • Қызылорда қаласы Е.Әуелбеков көшесі № 5 мекен жайындағы филармония ғимаратына қосымша құрылысы;
  • Қызылорда қаласы, Сүлейменов көшесі, № 69 үй мекенжайындағы №6 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне қарасты футбол алаңын реконструкциялау;
  • Қызылорда облысы Арал ауданы, Жақсықылыш ауылындағы №19 орта мектебіне 100 орындық оқу корпусын жапсаржайын салу;
  • Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесіндегі 600 орындық мектеп құрылысы;
  • Айдарлы ауылындағы ескі емхана ғимаратын бала бақша етіп реконструкциялау және кеңейту;
  • Жалағаш ауданы Жалағаш кентіндегі 100 төсектік аудандық аурухана құрылысы;
  • Арал ауданы Арал қаласынан оқушылар үйі ғимаратының құрылысы.

         20 нысан 2020 жылға өтпелі.

 

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 –2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым желілерін жүргізу үшін   мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 19,8 млрд.теңге (РБ –8,1 млрд.теңге, ОБ – 5,5 млрд.теңге, құнды қағаздар шығару есебінен - 6,2 млрд.теңге) қаржы бөлінді.

І. Тұрғын үй құрылысы

Облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді.

- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша барлығы 815 пәтерді құрайтын 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, Қызылорда қаласында 725 пәтерді құрайтын 15  тұрғын үй, Шиелі ауданында 90 пәтерді құрайтын 5 үй. 

Сонымен қатар, "Жұмыспен қамту 2020-2021" бағдарламасы аясында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 42 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.

Жыл аяғына  барлығы 150 пәтерді құрайтын 5 жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілді.(Қызылорда қ-сы – 90 пәтер, 2 үй; Шиелі ауд. – 18 пәтер, 1 үй, Сырдария ауд -42 пәтер 2 үй).

Кредиттік тұрғын үйлер бойынша барлығы 755 пәтерді құрайтын 68 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, Қызылорда қаласында СПМК-70 тұрғын ауданында 640 пәтерді құрайтын 13 көпқабатты тұрғын үй және  Шиелі ауданында 25 тұрғын үй  2021 жылға өтпелі.

  Жыл соңына  үш ауданда 90 пәтерді құрайтын 30 бірқабатты тұрғын үйлер биылғы жылы пайдалануға берілді. (Арал ауданында   4 пәтерлі 10 үй, Қазалы ауданында 4 пәтерлі 10 үй, Жалағаш ауданында 10 үй,). 

Жеке коммерциялық құрылыс салушылар есебінен   барлығы 376 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл аяғына 168 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үй пайдалануға берілді.

         Осылайша, жыл аяғына  барлығы 408 пәтерді құрайтын  39 тұрғын үй пайдалануға берілді.

         Сонымен бірге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жергілікті бюджет есебінен Қызылорда қаласында 10 тұрғын үй және Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде 18 пәтерлі бір тұрғын үй сатып алынды.

Жалпы, қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2020 жылы облыс бойынша  608,9 мың ш.м тұрғын үй берілді.

ІІ. Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша мемлекеттік бюджет есебінен барлығы 5,1 млрд.теңге (РБ –2,7 млрд.теңге, ОБ – 2,4 млрд.теңге) қаржы бөлініп, 25 жобаның құрылысы жүргізілді.

- Қызылорда қаласы -21жоба;

- Арал ауданы -1жоба;

- Сырдария ауданы -2жоба;

- Шиелі ауданы -1жоба.

         Жыл  ішінде 191,8 шқ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері пайдалануға берілді.


2020 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстар туралы

2020 жылға әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге 10,3 млрд. теңге қаржы бөлінді (оның ішінде, 13 нысанның құрылысы 2019 жылдан өтпелі және 17 жаңа нысан).

Жалпы басқарма бойынша 30 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған (білім саласы 11 нысан, денсаулық сақтау 4 нысан, мәдениет 4 нысан, спорт 4 нысан, қоғамдық тәртіп 4 нысан, әкімшілік ғимарат 4 нысан, темір жол тұйығы 1).

         Бүгінгі күнге дейін 3 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. Атап айтқанда:

  • Жалағаш ауданы, Шәменов ауылындағы 140 орындық мектеп құрылысы;
  • Қазалы ауданы, Ақсуат ауылындағы 90 орындық бала бақша құрылысы;
  • Сырдария ауданы Айдарлы ауылындағы ескі емхана ғимаратын бала бақша етіп реконструкциялау.

Жыл аяғына дейін тағы да 19 нысанның құрылысы аяқтау жоспарланған, қалған 8 нысан 2021 жылға өтпелі.

2020 жылы Тұрғын үй-коммуналдық даму жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларына барлығы – 21,0 млрд.теңге (РБ-7,7 млрд.теңге, құнды қағаздар шығару есебінен-8,2 млрд.теңге, ОБ-5,1 млрд.теңге) қаржы бөлінді.

 Тұрғын үй.

 Облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен 1946 пәтерді құрайтын 98 тұрғын үйдің (129,0 м.ш.м) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша 815 пәтерді құрайтын 20 тұрғын үй (53,8 м.ш.м), несиелік тұрғын үйлер 755 пәтерді құрайтын 68 тұрғын үй, жеке құрылыс салушылар есебінен 376 пәтерді құрайтын 10 тұрғын үй.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 20 тұрғын үйдің (815 пәтер – 53,8 мың ш.м).

Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 15 тұрғын үй (725 пәтер 48,6 м.ш.м) құрылысы жүргізілуде. Оның 14 тұрғын үйі (680 пәтер) жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Қалған 1 үй 45 пәтер 2021 жылға өтпелі.

Шиелі ауданында 5 тұрғын үй (90 пәтер 5,2 м.ш.м.). Биылғы жылы 18 пәтерлі бір тұрғын үй пайдалануға берілді. Қалған 18 пәтерлі 4 тұрғын үй 2021 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 70,9 млн.теңге қаржы бөлініп, қаралған қаржыға Жаңақорған ауданында 18 пәтерлі бір тұрғын үйді сатып алу жоспарлануда.

- Несиелік тұрғын үйлер құрылысы- 68 тұрғын үйдің(755 пәтер – 47,8 мың ш.м) құрылысы жүргізіліп, оның 115 пәтері бар 55 тұрғын үйі пайдалануға берілетін болады. Қалған 640 пәтерді құрайтын Қызылорда қаласында СПМК тұрғын ауданында 13 тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылға өтпелі.

- Жеке құрылысшылар есебінен Қызылорда қаласында 10 тұрғын үйдің (376 пәтер 29,8 м.ш.м.) құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін оның 156 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

2020жылдың соңына дейін барлығы 987 пәтерді құрайтын 75 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Қалған 24 тұрғын үйдің (арендалық 117 пәтерлі 5 тұрғын үй, 640 пәтерлі несиелік 13 тұрғын үй және жеке құрылысшылар есебінен -261 пәтерлі  6 тұрғын үй) құрылысы 2021 жылға өтпелі.

Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша барлығы 19 жобаның құрылысын жүргізілуде. Жылдың соңына дейін                13 жобаның құрылысы толық аяқталып тұрғын үй құрылысы аудандарына    145,8 шқ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілері жүргізілетін болады.

2020 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 591,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда.

2020 жылдың жылдық қаржы жоспары - 43519,4 млн теңге, о.і.

- басқарма арқылы - 16825,7 млн теңге

 - аудандар мен қала бойынша - 26693,7 млн теңге

2020 жылдың 9 айының қаржы жоспары - 17866,4 млн теңге, о.і.

- басқарма арқылы - 6550,5 млн теңге

- аудандар мен қала бойынша -11315,9 млн теңге

2020 жылдың 9 айында игерілген қаржы  - 17866,3 млн теңге

- басқарма арқылы - 6550,4 млн теңге

- аудандар мен қала бойынша - 11315,9 млн теңге

2020 жылдың 9 айында қаржының игерілу пайызы - 100,0%

2020 жылдың 9 айында игерілмей қалған қаржы - 0,1 млн теңге.


Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша 2019 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы

2019 жылға әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге мемлекеттік бюджет есебінен 10,9 млрд тенге қаржы бөлініп отыр. Бұл қаржыға 2018 жылдан өтпелі 12 нысан және 13 жаңа нысандардың құрылысы жүргізілуде.

Бүгінгі күнге басқарма арқылы құрылысы жүріп жатқан 25 нысан (білім саласы бойынша 10 нысан, денсаулық саласы бойынша 4 нысан, мәдениет саласы 3 нысан, спорт саласы бойынша 2 нысан, оқу-жаттығу полигоны – 1 нысан,  әкімшілік ғимарат 1 нысан, темір жол 2, инженерлік инфрақұрылым 1 нысан, Түркістан қаласындағы шығыс моншасы.

2019 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша 9 нысан пайдалануға беріліп отыр, олар:

  • Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысы;
  • Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионды қайта жаңғырту;
  • Арал ауданы Шижаға ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб құрылысы;
  • Арал ауданы Сексеуіл кентінде №231 орта мектепке 100 орындық оқу корпусын жапсаржайын салу,
  • Қызылорда қаласы, Әл-Фараби көшесіндегі №261 пайдаланылатын мектеп жанынан 150 орындық мектеп ғимаратын салу;
  • Шиелі ауданы Тартоғай ауылындағы 150 орындык клуб құрылысы;
  • Қызылорда қаласы №198 орта мектепке қосымша құрылысы.
  • Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету кешені (Шығыс моншасы).
  • Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі 150 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысы.

Қалған 16 нысан 2020 жылға өтпелі.

 

Жоба-сметалық құжаттамалар

 

Бүгінгі күнге басқарма бойынша 31 жоба-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджет есебінен барлығы 451,0 млн. теңге бөлініп отыр.

Қазіргі таңда аталған 31 жобаның 18-нің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған, қалған 13 жоба 2020 жылға өтпелі.

 

         Тұрғын үй құрылысы

 

Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен 2092 пәтерді құрайтын 49 көпқабатты тұрғын үйдің (130,2 м.ш.м.)  құрылысы жүргізіліп, 1843 пәтерлі 43 көпқабатты тұрғын үй (115,2 м.ш.м.)пайдалануға берілді.Оның ішінде:

  1. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер бойынша – 23 үйдің (891 пәтер – 51,1 м.ш.м.)

         - Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында – 16 үй (765 пәтер, 43,7 мың ш.м.), оның ішінде, 13 үй (620 пәтер, 35 мың ш.м.) пайдалануға берілді, 3 үй (145 пәтер) 2020 жылға өтпелі;

         - Қазалы ауданына Әйтеке би кентінде – 6 үй  (108 пәтер, 6,3 мың ш.м.), 2019 жылы пайдалануға берілді;

         - Шиелі ауданы, Шиелі кентінде – 1 үй (18 пәтер, 1,1 мың.ш.м.), 2020 өтпелі.

  1. Кредиттік тұрғын үйлер бойынша – Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 17 үйдің (830 пәтер - 52,4 мың ш.м.) құрылысы жоспарланып, пайдалануға берілді.
  2. Жеке құрылыс салушылар есебінен – 9 үйдің (371 пәтер – 26,7 мың ш.м.) құрылысы жүргізілді,7 үй (285 пәтер, 21,3 мың ш.м.) пайдалануға берілді, қалған 2 тұрғын үй (86 пәтер) 2020 жылға өтпелі.

Жалпы 2019 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 720,8 м.ш.м. тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланды. Жыл қорытындысымен облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 761,3 мың шаршы метрді құрап, жоспар 108,8% -ға орындалды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша                        35 жобаның (Қызылорда қаласында - 19 жоба, Қазалы ауданында - 7 жоба, Қармақшы ауданында - 2 жоба, Сырдария ауданында – 2 жоба, Шиелі ауданында - 4 жоба, Жаңақорған ауданында - 1 жоба) құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 518 шақырым инженерлік желілер берілді.

 

СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ САЛАСЫ БОЙЫНША

 2018 жылы облыстық бюджеттен «Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу», «Арал ауданының Арал қаласындағы                    5  мөлтек ауданның (440 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын», сондай-ақ «Қызылорда қаласындағы «Арай» шағын ауданы мен оған жанасып жатқан саяжайлар массивтерінің (550 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу үшін 108,7 млн. теңге бөлінген болатын.

2019 жылдың қаңтар айында «Қызылорда облысы Арал ауданының Арал қаласындағы 5 мөлтек ауданның (440 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын» әзірлеу жұмыстары толықтай аяқталып, бекітілген жоба Арал аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жұмыс жасау үшін тапсырылды.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласының бас жоспарына өзгерістер енгізу» жобасы да 2018 жылы толықтай аяқталып, жобаға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жасалынды. 2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында аталған жобаға орталық атқарушы органдардан тиісті келісімдер алынып, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы №374 қаулысымен бекітілді.

«Қызылорда қаласындағы «Арай» шағын ауданы мен оған жанасып жатқан саяжайлар массивтерінің (550 га) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша бүгінгі таңда жобалау жұмыстары да аяқталды. Тиісті жұмыстар 2019 жылдың тамыз айында алыс-беріс актісімен қабылданып, Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қазандағы №84 қаулысымен бекітілді.

Облыс көлемінде жоспарланған нысандарға архитектуралық талаптарды сақтай отырып эскиздік жобалар әзірленіп келеді.    

Атап айтқанда,

  1. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған ескерткіші;
  2. «Рәміздер алаңы» мен «Қазақстанның Тұңғыш Президенті атындағы саябақ» арасындағы аумақта «Союз» зымыран тасығышы мен «Буран» орбиталдық кеменің макеттері;

3.Көпфункционалды жабық манеж;

  1. «Сыр Ана»монументінің алдын абаттандыру;
  2. Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионы;
  3. Ішкі істер департаменті;
  4. Сырдария өзенінің сол жағалауына жоспарланған 5 және 12 қабатты тұрғын үйлер;

8.Спорт кешені;

  1. Түркістан қаласындағы «Шығыс моншасы» ғимараттарына эскиздік жобалар әзірленіп бір қатар нысандар көтерді.

        

    МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР БОЙЫНША:

         2019 жылы Басқарманың тапсырысы бойынша облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасымен 34 мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілді. Оның ішінде:

         Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша – 11;

         Техникалық қадағалау қызметі бойынша – 11;

         Жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша – 10;

         Жобаны ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу  – 2 .

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША:

Бүгінгі таңда облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласы бойынша 9 мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бар.                     2019 жылдың 11 айы бойынша төмендегі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:

  • «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 5;
  • «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 2;
  • «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 1033;
  • «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 33418;
  • «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша –100;
  • «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 0;

7) «Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 0;

8) «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 0.

9) «Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 0;

  • «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бойынша – 907 жеке және заңды тұлғаға қызмет көрсетілді.

Ескертпе: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
18 қыркүйектегі № 983 қаулысына сәйкес «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі алынып тасталды.

Аталған қызмет ағымдағы шілде айынан бастап мемлекеттік органдардың функциясына жатқызылады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 февраля 2020
Дата обновления
14 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы