Меню

Страницы

Статья

Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:

2026 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша облыс аумағында 583 758 шаршы метрді құрайтын 2298  тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 103,5%-ға өскендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 569 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 487 эскиздік жобасы, сонымен қатар             583 758  шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100% аталған жүйеге енгізілді.

Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:

Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2026 жылы «Қызылорда облысы елді мекендердің (ауылдық елді мекендерді қоса алғанда) бас жоспарлары мен ЕТЖЖ әзірлеу мен бекітудің Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.

Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 45 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 5 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты)облыстық және қалалық бюджеттерден қажетті көлемде қаржы бөлінді.

Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде 4 қала құрылыстық құжаттамалары «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алынып, аудандық мәслихат шешімімен бекітілді. Қазіргі таңда аталған жобалардың веторлық және расторлық схемалары «Мемқалақұрылыскадастры» РМК-ның қарауына ұсынылды.

Эскиздік жобалар:

Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.

Атап айтқанда:

Қызылорда қаласы Қорқыт Ата университетінің «Инжинирингтік паркі»;

Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі ғимаратының қасбеті;

2 және 4 пәтерлі 1 қабатты тұрғын үй;

Облыс,аудан және ауылдардың кіреберіс тұсына қойылатын белгілердің эскиздік жобалары ұсынылды.

Дата публикации
07 октября 2026
Дата обновления
07 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы