Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

 2026 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

2026 жылдың қаңтар-тамыз Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 583,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (103,5%).

2026 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың  2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын тұрғын үйлерден жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 80,5 млрд.теңге қаржы бөлінді (ОБ – 33,8  млрд.теңге, бағалы қағаздар – 46,7 млрд.теңге).

Бюджеттен бөлінген  қаржыға:

Бағалы қағаздар шығару есебінен 3,5 млрд.теңге қаржыға Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жағалауында 252 пәтерді құрайтын 7-қабатты 84-пәтерлі 3 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дайын жаңа пәтерлер сатып алуға бюджеттен барлығы 77,0 млрд. теңге қаржы қаралды, оның ішінде облыстық бюджеттен 33,8 млрд. теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен  43,2 млрд. теңге. Бөлінген қаржыға тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың ішінен халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында арендалық 4652 дайын жаңа пәтер (Қызылорда қаласы – 4302 пәтер, Арал ауданы – 50, Қазалы ауданы - 50, Қармақшы ауданы - 50, Жалағаш ауданы – 50, Сырдария ауданы – 50, Шиелі ауданы – 50, Жаңақорған  ауданы – 50 пәтер), Қызылорда қаласында әлеуметтік кредиттік 945 және апатты үйлер тұрғындарына 135 дайын жаңа пәтер сатып алу жоспарланған.

2026 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің  43 жобасын (су -3, кәріз – 1, электр. - 26, жылу - 1, газ – 5,  кешенді ики -7)  жүзеге асыруға мемлекеттік бюджеттен 23,1 млрд.теңге (ОБ – 7,3  млрд.теңге, бағалы қағаздар – 15,8 млрд.теңге).

 қаржы бөлінді.

Оның ішінде:

-        Қызылорда қаласы – 10 жоба;

-        Арал ауданы – 7 жоба;

-        Қазалы ауданы – 2 жоба;

-         Қармақшы ауданы – 4 жоба;

-         Жалағаш ауданы – 1 жоба;

-         Сырдария ауданы – 4 жоба;

-        Шиелі ауданы – 9 жоба;

-        Жаңақорған ауданы – 6 жоба.

Дата публикации
06 октября 2026
Дата обновления
06 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы