Меню

Страницы

Статья

Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы

 Мемлекет Басшысы Парламент палаталарының бірлескен соңғы отырысында, Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыруымыз керек деп,  жауапты және шұғыл міндеттер мен тапсырмалар берген болатын.

2026 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының көлемі көрсеткіші 300,5 млрд. теңгеге жетіп, бірыңғай өсім динамикасы қалыптасуда.

Ал, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 684,7 мың шаршы метрге жетіп, көрсеткіш 101,1 пайызға орындалды.

Жалпы жыл соңына дейін қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

2026 жылдың 9 айында құрылыс саласына 206,1 млрд. теңге бөлініп, 63 жобаның құрылысы жүзеге асуда. Атап айтсақ, денсаулық сақтау саласында – 4 нысан, спорт саласында – 8 нысан, мәдениет саласында – 3 нысан және жұмылдыру дайындығы бойынша – 2 нысан, инженерлік инфрақұрылым желілері (ИКИ) – 43 нысанның және Сол жағалаудан 7-қабатты 84-пәтерлі 3 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Биыл облыс орталығында Басқарманың тапсырыс беруімен құны 54,3 млрд. теңгеге бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананы және 9,8 млрд. теңгеге Титов шағын ауданында 400 келушіге арналған №5 емхананы пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызды ірі жобалардың қатарында, жабық олимпиадалық бассейн, 2000 орындық әмбебап зал, түрлі спорт секцияларымен қамтылған, әлемдік сайыстарды өткізуге бейімделген құны 20,5 млрд. теңгені құрайтын «Қызылорда Арена» кешенінің құрылысын да жыл соңына дейін толық аяқтап, ел игілігіне табысталатын болады.

Бұдан бөлек, Қызылорда қаласында құны 52,7 млрд. теңгені құрайтын 200 төсек-орынға арналған перинаталдық орталық құрылысы және Сол жағалаудан 14,7 млрд. теңге қаржыға 500 келушіге арналған емхана құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Өңірімізде өткен Құрылтайдың V отырысында берген Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құны 34,4 млрд. теңгені құрайтын Қызылорда қаласында драма театр құрылысы және құны 20,0 млрд. теңгеге тәулік бойы жұмыс жасайтын 600 мың кітап қорын сақтауға арналған Президенттік кітапхана құрылысы басталуда.

 «Қызылорда қаласында Әл-Фараби шағын ауданындағы инновациялық-шығармашылық орталығының құрылысы (толық бітіріп берілетін)» жобасына облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен жеңімпаз жобалаушы мекеме анықталды. Бүгінгі күнге жер телімінің құжаттары рәсімделуде, тиісті техникалық шарттары мен жоба алды құжаттары жинақталып, топографиялық түсірілім жасалуда.

Сонымен қатар, «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауынан тез құрастырмалы өрт сөндіру депо құрылысы» жобасына облыстық бюджеттен 40,1 млн. теңге бөлініп, жобалаушы мекемемен келісім-шарт рәсімделді. Бүгінгі күнге тиісті техникалық шарттары мен жоба алды құжаттары жинақталып, топографиялық түсірілім жасалуда.

Дата публикации
06 октября 2026
Дата обновления
06 октября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы