2026 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 950,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 249,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (101%).
2026 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын тұрғын үйлерден жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 55,6 млрд.теңге қаржы бөлінді (ОБ – 40,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 15,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға:
Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жағалауында 168 пәтерді құрайтын 7-қабатты 84-пәтерлі 2 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде (2,5 млрд.теңге).
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматттарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында дайын 2277 пәтер сатып алынады (53,1 млрд.теңге), оның ішінде 1332 арендалық (халықтың осал топтарына Қызылорда қаласы – 1292, Жаңақоран ауданы – 40 пәтер), Қызылорда қаласында 945 кредиттік пәтер.
2026 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 14 жобасын (электр. - 11, жылу - 1, кешенді ики -2) жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 7,2 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 5 жоба;
- Арал ауданы – 3 жоба;
- Қазалы ауданы – 1 жоба;
- Шиелі ауданы - 3 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 2 жоба.
Бүгінгі күнге Қызылорда қаласында 2 жобаның құрылысы аяқталып, 1 жылу қазандығы, 52,8 км электр желілері пайдалануға берілді.