Меню

Страницы

Статья

Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 6 айлық жұмыс қорытындысы

Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тікелей тапсырыс беруімен 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша құрылыс саласына 31,1 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 5 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда.

Анықтама ретінде:

Денсаулық сақтау – 2

Спорт – 2

Жұмылдыру дайындығы – 1

2026 жылдың қаңтар айында Қызылорда қаласының Сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталса, жыл соңына дейін 3 үлкен нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Қызылорда қаласының Сол жағалауынан 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана, Титов мөлтек ауданында 400 орындық №5 емхана және көпфункционалды «Қызылорда Арена» кешені).

Сол жағалаудан 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылыс жұмыстары 2023 жылдан бері жүзеге асуда. Нысанның бас мердігері «Мелиоратор» ЖШС. Жоба құны 50,4 млрд. теңге. Жер телімі 6,8 га, ғимараттың жалпы ауданы 47995,28 шаршы метр құрайды. 3, 5, 7, 9 қабатты блоктардан құралған барлығы 10 блоктан тұрады. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 70% орындалған.

«Қызылорда Арена» көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы 2025 жылдың шілде айында басталды. Нысанның бас мердігері «ASPAN HOLDINGS» ЖШС. Жоба құны 20,0 млрд. теңге. Жер телімі 2,1 га, ғимараттың жалпы ауданы 25540,67 ш/м құрайды. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 65% орындалған.

Қызылорда қаласы Титов ш/а 400 келушіге арналған №5 емхананың құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қараша айында басталды. Нысанның бас мердігері «Отау-Строй» ЖШС. Жоба құны 9,3 млрд. теңге. Жер телімі 1,5 га, ғимараттың жалпы ауданы 8937,71 ш/м құрайды. Құрылыс жұмыстары бүгінгі күнге 35% орындалған.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласынан 2 жаңа ірі жобаның құрылысы басталуда: олар – 200 орындық перинаталдық орталығының құрылысы және Сол жағалаудан 500 келушіге арналған емхана құрылысы.

Сонымен қатар, биыл қаңтар айында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласынан құны 20,0 млрд. теңгені құрайтын және тәулік бойы жұмыс жасайтын жаңа кітапхана құрылысы және құны 20,0 млрд. теңгені құрайтын  жаңа драма театр құрылысы басталды.

Жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу бойынша: «Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту» бюджеттік бағдарламасына сәйкес, «Қызылорда қаласы Сол жағалау шағын ауданында тез құрастырмалы өрт сөндіру депо құрылысының» жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізуге 42 884,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнге мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

Дата публикации
03 июля 2026
Дата обновления
03 июля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы