Меню

Страницы

Статья

Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:

2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша облыс аумағында 159 426 шаршы метрді құрайтын 585  тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 102,2%-ға өскендігін көрсетеді.

Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 403 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 347 эскиздік жобасы, сонымен қатар 159 426  шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100% аталған жүйеге енгізілді.

Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:

Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.

Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.

Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде 4 қала құрылыстық құжаттамалары «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысын алынып, 3 жоба аудандық мәслихат шешімімен бекітілді. 1 жоба бойынша аудандық мәслихатпен бекіту шаралары жүргізілуде.

Эскиздік жобалар:

Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.

Атап айтқанда:

Қызылорда қаласы Қорқыт Ата университетінің «Инжинирингтік паркі»;

Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық-IT жоғары колледжі ғимаратының қасбеті.

Дата публикации
07 апреля 2026
Дата обновления
20 апреля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы