Меню

Страницы

Статья

Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 3 айлық жұмыс қорытындысы

Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тікелей тапсырыс беруімен 2026 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша құрылыс саласына 23,6 млрд. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 5 нысанның құрылысы жүзеге асырылуда.

Анықтама ретінде:

Денсаулық сақтау – 2

Спорт – 2

Жұмылдыру дайындығы – 1

2026 жылдың қаңтар айында Қызылорда қаласының Сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталса, жыл соңына дейін 3 үлкен нысанның құрылысын аяқтау жоспарлануда (Қызылорда қаласының Сол жағалауынан 100 келушіге арналған емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухана, Титов мөлтек ауданында 400 орындық №5 емхана және көпфункционалды «Қызылорда Арена» кешені).

Биыл қаңтар айында өткен Ұлттық Құрылтайдың 5-ші отырысында Мемлекет Басшысының тапсырмасымен Қызылорда қаласынан тәулік бойы жұмыс жасайтын жаңа кітапхана құрылысы және жаңа заманауи драма театр құрылысы бастау алатындығы хабарланды.

Биыл 2026 жылы Басқарма тарапынан демеушілік есебінен 2 ірі жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Олар – 200 орындық облыстық перинаталдық орталығы және Жаңа драма театр құрылысы. Бүгінгі күнге бұл екі жобаның тиісті жер телімдері табысталып, жоба алды құжаттары толық рәсімделді. Жоба-сметалық құжаттамалар толық әзірленгеннен кейін, мемлекеттік сараптама қарауына ұсынылатын болады.

Дата публикации
07 апреля 2026
Дата обновления
07 апреля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы