2026 жылдың 1-тоқсанында Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен жыл сайын Басқарма қызметкерлерін және жаңадан келген қызметкерлерді таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадырдың төрағалығымен қаржылық сауаттылық бойынша профилактикалық семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте әдеп кодексінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет заңнамаларының талаптары түсіндіріліп, қаржылық сауаттылыққа қатысты кеңестер берілді.
Семинар-кеңесті қорытындылай келе, жұмыстан тыс уақытта да әдептілік нормаларын қатаң сақтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын және әкімшілік сыбайлап жемқорлық баптары бойынша құқық бұзушылықтар жасаған жағдайдағы тәртіптік жауаптылықтарын жеткізді.