Тұрғын үй құрылысы
2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылдың қорытындысымен 939,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,4% - ға жоғары.
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 36,0 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ОБ – 10,8 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 21,3 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 734 пәтерді құрайтын 16 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласында 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді
- кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. 7 қабатты 84-пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бюджет қаржысы есебінен 1822 дайын жаңа пәтер сатып алынды (Қызылорда қаласы - 1490, Арал ауданы – 60, Қазалы ауданы – 80, Қармақшы ауданы – 60, Шиелі ауданы – 52, Жаңақорған ауданы - 80).
Сонымен бірге, облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 5 пәтер сатып алынды.
Тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 34 жобасын (су және кәріз – 2, электр. - 20, жылу - 3, газ - 1, бас жоспар, абаттандыру және телефон - 3, кешенді ики -5) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 15,9 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,7 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 2,3 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 10,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 12 жоба;
- Арал ауданы – 4 жоба;
- Қазалы ауданы – 1 жоба;
- Қармақшы ауданы – 2 жоба;
- Сырдария ауданы – 1 жоба;
- Шиелі ауданы - 4 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 10 жоба.
Жыл қорытындысымен 16 жобаның құрылысы аяқталып, 270,2 км инженерлік желілер (су – 23,3 км, кәріз – 2,6 км, электр – 216,6 км, газ – 22,6 км, жылу – 5,1 км, бас жоспар абаттандыру – 4,2 га) пайдалануға берілді.