ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
2025 жыл бойынша 12 ай қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 6 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Денсаулық сақтау саласы – 3 нысан;
Спорт саласы – 2 нысан;
Инженерлік желілер – 1нысан.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Нысандар пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
- Қызылорда қаласында С. Бейбарыс көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында инновациялық шығармашылық орталығын салу;
- Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатаханасы бар 400 орындық физика математика бағытындағы мектеп құрылысы;
- Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп құрылысы. Түзету;
- Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде "Руханият" орталығының құрылысы. Байланыстыру;
- Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте
20 орындық спортзал мен асхана салу;
- Шиелі ауданының Шиелі кентінде көп бейінді орталық аудандық аурухана ғимаратын блок қосып сала отырып реконструкциялау;
- Қызылорда қаласында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысы;
- Шиелі ауданы, Шиелі кенті Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына 30 төсектік инфекциялық қосымша бөлімшенің құрылысы;
- Амбулаториялық емхана қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 1-ші көтергіш сорғы станциясы ғимаратын қайта жаңғырту және Су қысымды мұнарасын ауыстыру. Түзету;
- Шиелі ауданы, Шиелі кентінде 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындықөнер мектебін салу. Байланыстыру;
- Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында музыкалық колледж құрылысы;
- Қызылорда қаласында 11 мың орындық стадион құрылысы;
- Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі көпбейінді орталық аурухана ғимаратына блокты жапсарластыра отырып реконструкциялау;
- Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы. (Байланыстыру);
- Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ж. Нұрмұхамедұлы көшесі, 181 мекен-жайы бойынша Қазалы көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына 42 төсектік жапсарлас құрылысты реконструкциялау;
- Арал ауданы Арал қаласында Арал аудандық көпбейінді орталық аурухана ғимаратына блокты жапсарластыра отырып реконструкциялау;
- Қызылорда қаласының Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан "Достық үйінің" құрылысы.
-
ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖОБА-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫ
2025 жылдың 12 айлық қорытындысы бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 14 өтпелі (жалпы құны 146 670,102 млн. теңге) құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Атап айтқанда:
Денсаулық сақтау нысаны – 4 жоба:
- «Арал ауданы Арал қаласында 250 келушіге арналған емхана құрылысы»;
- «Қызылорда қаласында 400 орындық емхана құрылысы».
- «Қызылорда қаласындағы 500 орындық емхана құрылысы»;
- «Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсек орнына арналған көп бейінді аурухана (онкологиялық бөлімшемен) салу» (алаңнан тыс электрмен жабдықтау желілерінсіз) ЖЖ Түзету»;
Спорт саласы – 5 жоба:
- «Байқоныр қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу»;
- «Қызылорда қаласында Қызылорда Арена құрылысы»;
- «Қызылорда қаласы Нұрсәт теннис жазғы кортының құрылылымын нығайту»;
- «Қызылорда қаласында 7 мың орынға арналған стадион құрылысы. Сыйымдылығы 11 мың орынға дейін арттыру үшін түзету»;
- «Қызылорда қаласының сол жағалауынан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы».
Білім саласы – 2 жоба:
- «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы музыкалық колледж құрылысы. (нөлден жоғары). Абаттандыру. Сыртқы инженерлік желілер.Түзету»;
- «Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы.Түзету».
-Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту - 1 жоба:
- «Қызылорда қаласында Достық үйінің құрылысы».
Қоғамдық тәртіп сақтау – 1 жоба:
- «Қызылорда облысының Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау орталығы құрылысы».
- Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін дамыту – 1 жоба:
- «Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, «Сабалақ» шатқалында орналасқан ғимараттарда кіргізудің (шығарудың) заңға сәйкестігін тексеретін арнайы жабдықталған бақылау-өткізу пункттерінің (КПП) құрылысын салу, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін сыртқы электр желісін салу, ғимараттарға дербес (автономды) жылу қазандығының құрылысы мен сыртқы және ішкі жүйелері желісін салу)».