2025 жылдың 4 тоқсанында Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында профилактикалық іс-шара ретінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің негізінде әзірленген алдын ала ескертулермен Басқарманың қызметкерлерін жыл сайын және жаңадан келген қызметкерлерді дербес қол қою арқылы таныстыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2025 жылдың 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ҚР мемлекетік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен басқарма басшысы Төрәлиев Ерлан Кәрімбекұлы марапатталды. Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен басқарманың бас маманы Сисенбаева Айгерім Шакизадақызы марапатталды.
Жаңа жыл мерекесіне орай облыс әкімінің алғыс хатымен басқарманың бөлім басшысы Бекенов Мурат Алматович, бас маманы Ибрагимов Габдулла Сатбаевич және штаттан тыс қызметкерлері Нұрмағанбет Марат Серікбайұлы, Искаков Адильбек Канибаевич, Абдраман Арман Ерімбетұлы, Аманкелді Қайсар Рүстемұлы марапатталды.
Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі, ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғаның өзі орындай білуі керек. Егер мемлекет мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.