Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі
2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 564,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,1% - ға жоғары.
2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 48,5 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ОБ – 4,2 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 40,5 млрд.теңге).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде:
- сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласында 50-пәтерлі 5 тұрғын үй,
- кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үй. Бүгінгі күнге 8 кредиттік тұрғын үйдің (320 пәтер) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен Қызылорда қаласында 292 пәтер , бағалы қағаздар шығару есебінен облыс бойынша 2688 пәтер сатып алу жоспарланған (Қызылорда қаласы -2238, Арал ауданы – 100, Қазалы ауданы – 100, Қармақшы ауданы – 50, Шиелі ауданы – 100, Жаңақорған ауданы - 100).
Облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 42 пәтер сатып алынатын болады.
Жыл басынан Қызылорда қаласында 345 пәтер сатып алынды. Қалған пәтерлер жыл аяғынан дейін сатып алынатын болады.
Тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру
2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 57 жобасын (су – 6, электр. - 31, жылу - 2, газ - 9, бас жоспар, абаттандыру және телефон - 3, кешенді ики -6) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 35,5 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,6 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 2,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 30,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы – 12 жоба;
- Арал ауданы – 6 жоба;
- Қазалы ауданы – 7 жоба;
- Қармақшы ауданы – 2 жоба;
- Жалағаш ауданы – 1 жоба;
- Сырдария ауданы – 3 жоба;
- Шиелі ауданы - 9 жоба;
- Жаңақорған ауданы – 17 жоба.
Бүгінгі күнге 5 жобаның (Қызылорда қ. – 1, Арал ауданы – 1, Қармақшы ауданы – 1, Жаңақорған ауданы - 2) құрылысы аяқталып, 101,1 км инженерлік желілер (газ – 12,6 км, электр – 88,5 км) пайдалануға берілді.