Тұрғын үйлерді пайдалануға беру және мемлекеттік қызметтер туралы:
2025 жылдың қаңтар-тамыз айлары бойынша облыс аумағында 564 141 шаршы метрді құрайтын 2474 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 101,1 %-ға өскендігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңының 37-40-баптарына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесін тиісті деректермен толықтыру мақсатында облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды атқаратын бөлімшелермен берілген 1561 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 1588 эскиздік жобасы, сонымен қатар 564 141 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй туралы деректер 100 % аталған жүйеге енгізілді.
Қала құрылыстық құжаттамалар бойынша:
Қызылорда облысы бойынша елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын әзірлеу (түзетулер енгізу) мақсатында 2023 жылы «Қызылорда облысы елді мекендерінің 2025 жылға дейін бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларын әзірлеудің (түзетулер енгізудің) Жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) әзірленіп, бекітілді.
Аталған Жол картасына сәйкес облыс бойынша 53 елді мекеннің (оның ішінде 6 аудан орталығының) бас жоспарларын, даму және құрылыс салу сызбаларына түзетулер енгізу, сонымен қатар 4 жаңа тұрғын аудандардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және Қызылорда қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеу мақсатында (бас жоспардың әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты) облыстық және қалалық бюджеттерден 2024-2025 жылдарға қажетті көлемде қаржы бөлінді.
Жоспарға сәйкес қазіргі уақытта әзірленген жобалар бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелерден келісім алу, экологиялық және мемлекеттік сараптамаға құжаттарды ұсыну жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Барлық жұмыстарды жыл аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Эскиздік жобалар:
Құрылысы жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында төмендегі нысандардың сыртқы қасбеттерін жақсартудың эскиздік жобалары әзірленді.
Атап айтқанда:
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы;
Қызылорда облысының Әділет департаменті ғимараты;
Музыкалық колледж жатақханасы;
Оқушылар сарайы;
Әкімшілік ғимараты;
Ә.Тәжібаева атындағы облыстық кітапхана;
Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені.