2025 жыл бойынша 9 ай қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 62,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 10 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы – 1 нысан;
Денсаулық сақтау саласы – 5 нысан;
Мәдениет саласы – 1 нысан;
Спорт саласы – 3 нысан.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды: Ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру жоспарлануда.
Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:
- Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте
20 орындық спортзал мен асхана салу;
- Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде "Руханият" орталығының құрылысы. Байланыстыру;
- Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп құрылысы. Түзету;
- Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатаханасы бар 400 орындық физика математика бағытындағы мектеп құрылысы;
- Қызылорда қаласында С. Бейбарыс көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының қиылысында инновациялық шығармашылық орталығын салу;
- Шиелі ауданы, Шиелі кентінде 200 орындық оқушылар үйі және 50 орындықөнер мектебін салу. Байланыстыру;
- Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында музыкалық колледж құрылысы;
- Амбулаториялық емхана қызметі бар Сырдария аудандық орталық аурухана" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 1-ші көтергіш сорғы станциясы ғимаратын қайта жаңғырту және Су қысымды мұнарасын ауыстыру. Түзету;
- Қызылорда қаласында Сырдарияның сол жағалауында орналасқан тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысы;
- Шиелі ауданының Шиелі кентінде көп бейінді орталық аудандық аурухана ғимаратын блок қосып сала отырып реконструкциялау;
- Шиелі ауданы, Шиелі кенті Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына 30 төсектік инфекциялық қосымша бөлімшенің құрылысы.