2025 жылдың 3 тоқсанының қорытынды есеп кезеңінде басқармаға барлығы «eOtinish» ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өттіштері бойынша 75 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 44, басқасы (хабарлама, сұрау алу, үн қосу) – 31. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Өтініштермен жұмыс жасау 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған.
Азаматтарды қабылдау және олардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша ақпаратты қабылдау бөлімінің тел.: 60-53-51 және әкімшілік-құқықтық жұмыстар және мемлекеттік сатып алу бөлімінің тел: 60-56-91 нөміріне хабарласып алуға болады.