Меню

Страницы

Статья

Экономика және тұрғын үй құрылысы бөлімінің 6 айлық жұмыс қорытындысы

2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                        2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға мемлекеттік бюджеттен 31,0 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ - 3,8 млрд. теңге, ОБ - 1,7 млрд.теңге, бағалы қағаздар шығару есебінен – 25,5 млрд.теңге).

Бюджеттен бөлінген  0,5 млрд.теңге қаржыға 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласындағы 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы.

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы.

Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың ішінен халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен қаралған 3,8 млрд.теңгеге 292 пәтер, бағалы қағаздар шығару есебінен 25,0 млрд.теңгеге 1688 пәтер сатып алу жоспарланған.

         Облыстық бюджеттен бөлінген 1,7 млрд.теңгеге Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 135 пәтер сатып алу қаралған.

2025 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Статистикалық деректерге сәйкес 2025 жылғы қаңтар-мамыр айларында 247,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4,6% - ға жоғары. Есепті кезеңде жылдық жоспардың орындалуы 28,4% -. құрады.

2025 жылғы 1 жартыжылдығы қорытындысы бойынша факт статистикалық деректерді алғаннан кейін ұсынылатын болады.

Құрылыс аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру

2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің  75 жобасын (су – 7, электр. - 48, жылу - 1, газ - 12, бас жоспар және телефон - 3, кешенді ики -4)  жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 35,4 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,6 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 1,9 млрд.теңге, бағалы қағаздар – 30,0 млрд.теңге) қаржы бөлінді.

Оның ішінде:

-        Қызылорда қаласы – 11 жоба;

-        Арал ауданы – 9 жоба;

-        Қазалы ауданы – 9 жоба;

-        Қармақшы ауданы – 5 жоба;

-        Жалағаш ауданы – 3 жоба;

-        Сырдария ауданы – 4 жоба;

-        Шиелі ауданы -12 жоба;

-        Жаңақорған ауданы – 22 жоба.

Дата публикации
10 июля 2025
Дата обновления
10 июля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы