Меню

Страницы

Статья

Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2025 жылғы 6 айлық жұмыс қорытындысы

2025 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша әлеумeттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен  72,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Бұл қаражатқа 20 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде.

Анықтама ретінде:

Білім беру саласы – 6 нысан;

Денсаулық сақтау саласы – 7 нысан;

Мәдениет саласы – 3 нысан;

Спорт саласы – 3 нысан;

Сыртқы инженерлік желілер – 1 нысан;

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 13,3 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 6 мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 4 мектептің құрылыс жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.

Қазіргі таңда пайдалануға берілген нысандар тізімі:

Білім беру саласы бойынша:

  1. Жаңақорған ауданы, Билібай ауылындағы №255 негізгі мектепте 20 орындық спортзал мен асхана салу.
  2. Қызылорда қаласында С.Бейбарыс көшесі мен Н.Назрбаев даңғылының қиылысында инновациялық шығармашылық орталығын салу
  3. «Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орынға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат салу. Сыртқы инженерлік желілерсіз»
  4. «Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жағалауында 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орынға арналған физика-математика бағытындағы мектеп-интернат салу. Түзету»

Мәдениет саласы бойынша:

  1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі «Руханият» орталығының құрылысы.

2025 жылы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 7 өтпелі (жалпы құны 45 630,9 млн. теңге) құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттамалары (әрі қарай-ЖСҚ) әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. 

         Атап айтқанда:

    -    Денсаулық сақтау нысаны – 2 жоба (Арал ауданы Арал қаласында 250 келушіге арналған емхана құрылысы, Қызылорда қаласында 400 орындық емхана құрылысы);

    -    Спорт саласы – 4 жоба (Байқоңыр қаласында, Қызылорда қаласы сол жағалауда дене-шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы, Қызылорда қаласында Қызылорда Арена құрылысы, Қызылорда қаласы Нұрсәт теннис жазғы кортының құрылылымын нығайту);

    -    Мемлекеттік органдар объектілерін дамыту – 1 жоба (Қызылорда қаласында Достық үйінің құрылысы);

Сонымен қатар,  6 нысанның ЖСҚ-ы әзірленіп, сараптаманың қарауына ұсынылды.

Оның ішінде:

    -  Денсаулық сақтау нысандары – 1 жоба (Қызылорда қаласындағы 500 орындық емхана құрылысы);

    -    Білім беру саласы – 1 жоба (Қызылорда қаласы, Арал ауданы, Жалаңаш ауылындағы 150 орындық мектеп құрылысы.Түзету);

- Жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар объектілерін                 дамыту – 1 жоба (Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, «Сабалақ» шатқалында  орналасқан ғимараттарда кіргізудің (шығарудың) заңға сәйкестігін тексеретін арнайы жабдықталған бақылау-өткізу пункттерінің (КПП) құрылысын салу, үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін сыртқы электр желісін салу, ғимараттарға дербес (автономды) жылу қазандығының құрылысы мен сыртқы және ішкі жүйелері желісін салу);

   -  Қоғамдық тәртіп сақтау – 1 жоба (Қызылорда облысының Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау орталығы құрылысы);

  -     Спорт саласы – 2 жоба (Қызылорда облысы Қызылорда қаласында 7 мың орынға арналған стадион құрылысы. Сыйымдылығы 11 мың орынға дейін арттыру үшін түзету,  Қызылорда қаласы тұңғыш Президент саябығындағы көп салалы дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы).

Дата публикации
10 июля 2025
Дата обновления
10 июля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы