Меню

Страницы

Статья

Экономика және тұрғын үй құрылысы бөлімінің 3 айлық жұмыс қорытындысы

2025 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                        2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 870,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған.  Осы мақсатта ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысына және дайын жаңа пәтерлерді сатып алуға бюджеттен 5,5 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,8 млрд. теңге, облыстық бюджеттен - 1,7 млрд.теңге.

Облыстық бюджеттен бөлінген  қаржыға 650 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде:

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласындағы 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы.

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы.

Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін  292 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд.теңге қаралды.

     Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 135 пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд.теңге бөлінді.

     2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 156,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,4% құрады.         

2025 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің  14 жобасын (электр. - 10, жылу - 1, газ - 1, бас жоспар және телефон - 1, кешенді ики -1)  жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 4,9 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 1,6 млрд.теңге, РБ – 1,8 млрд.теңге, ОБ – 1,4 млрд.теңге) қаржы бөлінді.

Оның ішінде:

-        Қызылорда қаласы – 7 жоба;

-        Арал ауданы – 4 жоба;

-        Шиелі ауданы – 1 жоба;

-        Жаңақорған ауданы – 2 жоба.

Дата публикации
14 апреля 2025
Дата обновления
14 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы