Меню

Страницы

Статья

Экономика және тұрғын үй құрылысы бөлімінің 12 айлық жұмыс қорытындысы

2024 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың                        2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 40,3 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,8 млрд. теңге, облыстық бюджеттен                                        5,6 млрд.теңге, бағалы қағаздар есебінен 30,9 млрд.теңге (22,5 млрд.тг – Самұрық Қазына, 8,5 млрд. тг - Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы).

Бюджеттен бөлінген қаржыға 904 пәтерді құрайтын 16 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 7-қабатты 84-пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілді, №2 тұрғын ауданында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін  1948 пәтер  сатып алынды. Оның ішінде: Қызылорда қаласында 933 пәтер, Арал ауданында – 150, Қазалы ауданында – 148, Қармақшы ауданында – 156, Жалағаш ауданында – 111, Сырдария ауданында – 148, Шиелі ауданында – 178, Жаңақорған ауданында - 124.

     Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 121 пәтер сатып алынды.

     2024 жылдың қорытындысымен қаңтар-желтоқсан айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 866,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 116,9% құрады.         

2024 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің  63 жобасын ((су және кәріз - 8, электр. - 34, жылу - 2, газ - 8, жол - 2, бас жоспар және телефон - 3, кешенді ики -2, байланыс-4)  жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 12,1 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 8,8 млрд.теңге, РБ – 0,4 млрд.теңге, ОБ – 2,9 млрд.теңге) қаржы бөлінді.

Оның ішінде:

-        Қызылорда қаласы – 21 жоба;

-        Арал ауданы – 6 жоба;

-        Қармақшы ауданы- 4 жоба;

-        Жалағаш ауданы- 3 жоба;

-        Сырдария ауданы -9 жоба;

-        Шиелі ауданы -5 жоба;

-        Жаңақорған ауданы – 15 жоба.

         Жылы ішінде 37 жобаның (Қызылорда қаласы - 15, Арал ауданы – 3, Сырдария ауданы - 5, Қармақшы ауданы – 3, Жалағаш ауданы – 3, Жаңақорған ауданы – 8) құрылысы аяқталып, 656,7 км инженерлік желілер (су және кәріз-23,1 км,  электр-470,5 км, жылу – 3,1 км, газ – 133,6 км, телефон-7,5 км, жол-18,9 км) пайдалануға берілді.

Дата публикации
16 января 2025
Дата обновления
16 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы