Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 1 өтініш түсіп, өтініш толықтай қанағаттандырылды.
Қала құрылысы кадастры туралы:
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары В. Склярдың берген тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектардағы жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары 2024 жылы 100% орындалды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 12 айы бойынша облыс аумағында пайдалануға берілген 810 462 шаршы метрді құрайтын 3473 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
«Қызылорда облысы елді мекендерінің қала құрылысы жобаларын пысықтау, көшу кілттерін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес Қызылорда қаласы бойынша ретке келтірілген қызыл сызық пен функционалдық аймақтандыру, WGS-84 координаталық жүйеге байланыстырылған Қызылорда қаласының бас жоспары және бас жоспарға сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, сондай-ақ тиісті схемалардың векторлық және расторлық форматтары, түсіндірме жазбалар мен қала құрылыстық құжаттарды бекіту туралы қаулылар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына енгізілді.
Эскиздік жобалар:
Қызылорда облысы боынша жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында бөлім тарапынан эскиздік жобалар әзірленіп, облыс әкімдігіне ұсыныстар берілді.
Атап айтқанда:
Мектеп;
Ауылдық клуб;
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
Екі пәтерлі тұрғын үйлер;
Руханият орталығының ішкі интерьеріне эскиздік жобасы әзірленіп ұсынылды.