2024 жылы Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тұрғын үй құрылысына және сатып алуға 37,1 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,8 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 4,1 млрд.теңге, бағалы қағаздар есебінен 29,2 млрд.теңге (20,7 млрд.тг – Самұрық Қазына, 8,5 млрд. тг Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы).
Бюджеттен бөлінген қаржыға 1154 пәтерді құрайтын 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде:
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Байқоңыр қаласындағы 50-пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы.
Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында 7-қабатты 84-пәтерлі 6 тұрғын үйдің, №2 тұрғын ауданында 5-қабатты 40-пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы.
Сонымен бірге, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 296 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 3,8 млрд.теңге, 1400 пәтер сатып алуға бағалы қағаздар шығару есебінен 20,7 млрд.теңге қаржы қаралды.
Бүгінгі күнге 351 пәтер сатып алынды, оның ішінде Қызылорда қаласында 89 пәтер, Арал ауданында - 35 пәтер, Қазалы ауданында - 34 пәтер, Қармақшы ауданында 80 пәтер, Сырдария ауданында - 61 пәтер, Шиелі ауданында - 52 пәтер. Қалған пәтерлер жыл соңына дейін алынатын болады.
Қызылорда қаласында жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтарға 135 пәтер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд.теңге бөлінді.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 646,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,6% құрады.
2024 жылы тұрғын үй құрылысы аумақтарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің 52 жобасын (су және кәріз - 6, электр. - 31, жылу - 2, газ - 7, жол - 2, бас жоспар және телефон - 3, газ+су - 1) жүзеге асыруға мемлекет бюджетінен барлығы 11,7 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 8,6 млрд.теңге, РБ – 0,4 млрд.теңге, ОБ – 2,6 млрд.теңге) қаржы бөлінді.
Оның ішінде, Қызылорда қаласы – 19 жоба; Арал ауданы – 6 жоба; Қармақшы ауданы- 4 жоба; Жалағаш ауданы- 3 жоба; Сырдария ауданы -5 жоба; Шиелі ауданы -3 жоба; Жаңақорған ауданы – 12 жоба.
Қызылорда қаласында 10 жоба, Сырдария 2 жоба аяқталып, 49 км инженерлік желілер (су-6,1 км, электр-15,8 км, газ - 0,2 км 1 ГПРШ, телефон-5,0 км, жол-18,9 км) пайдалануға берілді.