Меню

Страницы

Статья

Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2024 жылы 3 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 1 өтініш түсіп, 1 қанағаттандырылды.

Қала құрылысы кадастры туралы:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 16986,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 88,7% құрайды.

2024 жылға жоспарланған Жалағаш және Жосалы кенттерінің жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 82,4 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда түгендеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 9 айы бойынша облыс аумағында 558218  шаршы метрді құрайтын 2512 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.

«Қызылорда облысы елді мекендерінің қала құрылысы жобаларын пысықтау, көшу кілттерін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес  Қызылорда қаласы бойынша ретке келтірілген қызыл сызық пен функционалдық аймақтандыру, WGS-84 координаталық жүйеге байланыстырылған Қызылорда қаласының бас жоспары және бас жоспарға сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, сондай-ақ тиісті схемалардың векторлық және расторлық форматтары, түсіндірме жазбалар мен қала құрылыстық құжаттарды бекіту туралы қаулылар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына енгізілді.

Эскиздік жобалар:

Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыныс берілді.

Атап айтқанда:

Мектеп;

Ауылдық клуб;

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

Екі пәтерлі тұрғын үйлер;

Руханият орталығының ішкі интерьеріне эскиздік жобасы әзірленіп ұсынылды.

Дата публикации
07 октября 2024
Дата обновления
07 октября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы