Меню

Страницы

Статья

Экономика және тұрғын үй құрылысы бөлімінің 3 айлық жұмыс қорытындысы

2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып, жылдың қорытындысымен барлық қаржылар есебінен 740,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 107% артық орындалды.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша 9 үйдің ( Байқоңыр қаласында – 5 үй 250 пәтер, Шиелі ауданында – 4 үй 72 пәтер - 4,2 мың шаршы метр) құрылысы жүргізіліп, Шиелі ауданындағы 72 пәтерді құрайтын 4 тұрғын үй пайдалануға берілді. Байқоңыр қаласындағы 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – 17 үй 1024 пәтер құрылысы жүргізіліп, 11 үйі (520 пәтер – 33,3 мың шаршы метр), оның ішінде Қызылорда қаласының  СПМК-70 тұрғын ауданында 1 үй(50 пәтер – 3,4 мың шаршы метр) және Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 тұрғын үй ауданында  10 үй (470 пәтер – 29,9 мың шаршы метр) пайдалануға берілді.

Сырдария өзенінің сол жағалауындағы 7 қабатты 84 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы 2024 жылға өтпелі

2023 жылы бюджеттен 15,0 млрд.теңге (ҚР ҰҚ – 8,3 млрд.теңге, РБ – 4,0 млрд.теңге,  ОБ – 2,7 млрд.теңге)қаржы бөлініп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін 1302 пәтер сатып алынды (Қызылорда қаласында – 873; Арал ауданында – 100; Қазалы ауданында – 52; Қармақшы ауданында – 51; Жалағаш ауданында – 50; Сырдария ауданында – 76; Шиелі ауданында – 50; Жаңақорған ауданында – 50).

Сонымен бірге, облыстық бюджет қаржысы есебінен 0,6 млрд.теңгеге Қызылорда қаласында жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға 34 пәтер сатып алынды.

2024 жылы бюджет қаражаты есебінен 13,3 млрд. теңгеге 1269 пәтерлі 67 тұрғын үй (аудандарда - 346, Қызылорда қ. - 923 пәтер) құрылысы жүргізіледі.

Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар үшін жаңа пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 296 пәтерді сатып алуға барлығы 3,8 млрд.теңге қаржы бөлінген.

Сонымен қатар, 2024 жылы қосымша жалға берілетін 20 мың пәтерді сатып алуға бөлінетін 272 млрд. теңгеден кезектілікке сәйкес Қызылорда облысының үлесі 985 пәтерге 14,6 млрд. теңгені құрап отыр.

Алайда облысымыздың халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар үшін 2000 пәтер сатып алуға толық мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Облысымыз тарапынан қосымша 2000 пәтерді сатып алуға 01.03.2024 ж. №05-3/1246-И хатымен бюджеттік өтінім министрлікке тапсырылды.

Дата публикации
09 апреля 2024
Дата обновления
09 апреля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы