Меню

Страницы

Статья

Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2024 жылы 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызмет бойынша өтініш тіркелмеген.                           

Қала құрылысы кадастры туралы:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары              Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 16986,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 88,7% құрайды.

Бұдан басқа, Жалағаш және Жосалы кенттерінің жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу үшін 2024 жылға қажетті қаржы бөлініп, қолданыстағы заңнамаларға тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Түгендеу шаралары 2024 жылы толықтай жүргізілген жағдайда облыс бойынша инженерлік коммуникацияларды цифрландыру шаралары – 100 % құрайды.

Сонымен қатар, 2024 жылдың 1-тоқсан бойынша облыс аумағында     пайдалануға берілген 147 133 шаршы метрді құрайтын 453 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Эскиздік жобалар:

Жоспарланған нысандардыңсәулеттік келбетін жақсарту мақсатында облыстың елді мекендерінде салынуы жоспарланған әлеуметтік нысандардың (мектеп, клуб, спорт-сауықтыру кешендері, тұрғын үйлер және т.б.) сыртқы қасбеттеріне сәйкес эскиздік жобалар әзірленіп, облыс әкімдігіне ұсыныстер берілді.

Дата публикации
09 апреля 2024
Дата обновления
09 апреля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы