Меню

Страницы

Статья

Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 9 өтініш түсіп, 6 қанағаттандырылды. Ал, 3 өтініші құжаттар топтамасындағы деректердің толық болмауына байланысты дәлелді бас тартылды.

Қала құрылысы кадастры туралы:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 16986,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 88,7% құрайды.

Сонымен қатар, 2023 жылдың 12 айы бойынша облыс аумағында 739281 шаршы метрді құрайтын 3250 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.

«Қызылорда облысы елді мекендерінің қала құрылысы жобаларын пысықтау, көшу кілттерін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес  Қызылорда қаласы бойынша ретке келтірілген қызыл сызық пен функционалдық аймақтандыру, WGS-84 координаталық жүйеге байланыстырылған Қызылорда қаласының бас жоспары және бас жоспарға сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, сондай-ақ тиісті схемалардың векторлық және расторлық форматтары, түсіндірме жазбалар мен қала құрылыстық құжаттарды бекіту туралы қаулылар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорына енгізілді.

Эскиздік жобалар:

Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыныс берілді.

Атап айтқанда:

Теміржол вокзалын қайта жаңғырту;

Орталық алаңды абаттандыру;

Анаға тағзым;

Неке сарайы;

Көпсалалы кешен;

Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сыртқы қасбеттеріне эскиздік жобасы әзірленіп ұсынылды.

 

Дата публикации
18 января 2024
Дата обновления
18 января 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы