2023 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғын үй құрылысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде: мемлекет қаражаты есебінен 37,4 мың шаршы метр және жеке қаржылар есебінен 654,9 мың шаршы метр.
Мемлекеттік бюджеттен жалпы ауданы 37,4 мың шаршы метр құрайтын 592 пәтерлік 15 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған. Атап айтқанда:
Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың шаршы метр) пайдалануға берілді.
Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – 11 үй (520 пәтер – 33,3 мың шаршы метр), оның ішінде Қызылорда қаласының СПМК-70 тұрғын ауданында 1 үй(50 пәтер – 3,4 мың шаршы метр) және Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 тұрғын үй ауданында 10 үй (470 пәтер – 29,9 мың шаршы метр)пайдалануға берілді.
2023 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, республикалық жәнеоблыстық бюджеттен қаржы бөлініп, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін1302 пәтер сатып алынды (Қызылорда қаласында – 873; Арал ауданында – 100; Қазалы ауданында – 52; Қармақшы ауданында – 51; Жалағаш ауданында – 50; Сырдария ауданында – 76; Шиелі ауданында – 50; Жаңақорған ауданында – 50).
Сонымен бірге, облыстық бюджет қаржысы есебінен Қызылорда қаласында жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға 34 пәтер сатып алынды.
2023 жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің алдын ала болжамды көрсеткіші 740,7 мың шаршы метрді, жылдықжоспарға107%құрап отыр.
2023 жылы бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 71 жобасы жүзеге асырылды. Жыл қорытындысымен 50 жобаның құрылысы аяқталып, 716,1 км инженерлік желілер пайдалануға берілді.