Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының бірі жариялылық пен ашықтықты қаматамасыз ету мақсатында басқарманың сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-saulet?lang=kk) тоқсан сайын атқарылған жұмыстар туралы есебін тұрақты түрде орналастырады.
Сонымен қатар Facebook (фейсбук) әлеуметтік желісіндегі басқарма парақшасына (https://www.facebook.com/usagkzo ) тағайындаулар, жаңалықтар, тағы басқа мәліметтерді жариялау, БАҚ өкілдеріне сұхбат беру, брифинг ұйымдастыру жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.
Мемлекеттік және құқықтық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және бюджет қаражатын тиімді игеру мақсатында басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқытулар ұйымдастырылып, тиісті түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Сонымен қатар басқарманың әр кабинетіне сыбайлас жемқорлықтың зардабы туралы жадынама ораластырылған.