2023 жылдың 4 тоқсанның қорытынды есеп кезеңінде Басқармаға барлығы «eOtinish» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтіштері бойынша 195 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 129, басқасы (хабарлама, сұрау алу, үн қосу) - 66. Барлық өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді. Басқарма басшысы және орынбасарларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес, тұрақты жүргізіледі. Қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне (жазбаша, ауызша, жеке қабылдау түрінде) тіркеу кезінде оған кезекті реттік нөмір болып табылатын тіркеу нөмірі беріледі.