Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың шаршы метр) пайдалануға берілді.
Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – 11 үй (520 пәтер – 33,3 мың шаршы метр), оның ішінде Қызылорда қаласының СПМК-70 тұрғын ауданында жалпы ауданы 3,4 мың шаршы метр құрайтын 50 пәтерлі 1 тұрғын үй пайдалануға берілді және Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауы №2 тұрғын үй ауданында жалпы ауданы 29,9 мың шаршы метр құрайтын 470 пәтерлі 10 тұрғын үй жыл соңына берілетін болады.
Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін сатып алынатын тұрғын үйлер бойынша – 1000 пәтерді (60,0 мың шаршы метр) сатып алу жоспарлануда. Атап айтқанда:
Қызылорда қаласында – 600 пәтер;
Арал ауданында – 100 пәтер;
Қазалы ауданында – 50 пәтер;
Қармақшы ауданында – 50 пәтер;
Жалағаш ауданында – 50 пәтер;
Сырдария ауданында – 50 пәтер;
Шиелі ауданында – 50 пәтер;
Жаңақорған ауданында – 50 пәтер
Сонымен бірге, облыстық бюджет қаржысы есебінен 79 пәтер сатып алынатын болады, оның ішінде жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға 34 пәтер, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға 45 пәтер.
Жыл соңына дейін кезекте тұрған 1671 отбасына тұрғын үй беріліп, кезектілік біршама төмендейтін болады.
Үстіміздегі жылдың 8 айында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 546,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 119,8% орындалды.
Осы аталған индикаторлық көрсеткішке қол жеткізу бойынша жыл басында аудандар бөлінісіндегі жоспар бекітіліп, берілді. Сонымен қатар, басқарма арқылы аудан әкімдіктеріне жоспарланған көрсеткіштерге 100% қол жеткізу бойынша түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде.