2023 жылдың 9 айы қорытындысы
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 5 өтініш түсіп, 2 қанағаттандырылды. Ал, 3 өтініші құжаттар топтамасындағы деректердің толық болмауына байланысты дәлелді бас тартылды.
Қала құрылысы кадастры туралы:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6 % құрайды.
2023 жоспарланған Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті бойынша 2987 гектар аумақтың жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 141,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес "Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда филиалы атқаруда.
Жоспарға сәйкес қаралған жұмыстарды ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарлануда.
Тұрғын үй құрылысын қабылдау бойынша:
Тұрғын үй құрылысы бойынша облыс көлемінде жалпы алаңы 546 872 шаршы метрді құрайтын 2 634 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,8 пайызға өсті.
Эскиздік жобалар:
Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді.
Атап айтқанда:
Теміржол вокзалын қайта жаңғырту;
Орталық алаңды абаттандыру;
Анаға тағзым;
Неке сарайы;
Көпсалалы кешен;
5 қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалаларды кешенді салу стандарттарына сәйкес Қызылорда қаласының дизайн-жобасы (коды) әзірленіп, ұсыным берілді.