Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың І жартыжылдығында орындалған жұмыстар туралы

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджет есебінен  8,7 млрд.теңге (бағалы қағаздар шығару есебінен- 5,3 млрд. теңге, ОБ- 3,4 млрд.теңге) қаржы бөлінді.

Бұл қаражатқа жалпы ауданы 90,1 мың шаршы метр 1346 пәтерді құрайтын 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда.

Оның ішінде:

1.Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 9 үйдің (322 пәтер – 19,5 мың.ш.м) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде:

- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м);

         - Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м);

  Бұл тұрғын үйлерді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

 

2.Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – Қызылорда қаласында                          17  тұрғын үйдің (1024 пәтер – 70,6 мың ш.м) құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде:

- Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданында 1 тұрғын үй (50 пәтер – 3,4 мың ш.м);

- Қызылорда қаласы Cырдария өзенінің сол жағалауында 10 тұрғын үйдің құрылысы (470 пәтер – 29,9 мың ш.м);

- Қызылорда қаласы Cырдария өзенінің сол жағалауында 6 тұрғын үйдің құрылысы (504 пәтер – 37,3 мың ш.м) 2024 жылға өтпелі.

 Жыл соңына 520 пәтерді құрайтын 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қызылорда қаласында жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға пәтерлер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 0,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 34 пәтер,  халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін 1000 пәтер сатып алуға республикалық бюджет қаржысы есебінен 9,6 млрд.теңге қаржы бөлінді.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында қаржыландырудың барлық көздері есебінен облыс аумағында тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі 226,5 мың шаршы метрді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,6% құрады.

2023 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтер stat.gov порталында бүгінгі күнге жарияланбаған. Тұрғын үйді пайдалануға берудің алдын-ала болжамды орындалу көрсеткіші 318,7 мың шаршы метр немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,0% құрап отыр.

 

 

 

Инженерлік-инфрақұрылым желілерін жүргізуге  барлығы бюджеттен                   60 жобаның құрылысын жүргізуге 6,9 млрд.теңге қаржы бөлінді (РБ-3,1 млрд. теңге, ҚРҰҚ -1,7 млрд.теңге, ОБ -2,1 млрд.теңге).

- Қызылорда қаласында - 25 жоба;

- Арал ауданы – 8 жоба;

- Қазалы ауданы – 4 жоба;

- Қармақшы ауданы – 5 жоба;

- Жалағаш ауданы – 5 жоба;

- Сырдария ауданы - 5 жоба;

- Жаңақорған ауданы - 8 жоба.

          2023 жылдың І жартыжылдығында   12 жобаның құрылысы аяқталып, 170,4 шқ инженерлік желілер пайдалануға берілді.

          Оның ішінде жеке тұрғын үй құрылысы аумақтарына 9 жоба құрылысы аяқталып, 5191 жер учаскесіне 168 шқ инженерлік желілер тартылды (сумен жабдықтау 1 жобасы - 5,2 шқ, электрмен жабдықтау 8 жобасы - 162,8 шқ).

 

          «Ауыл – Ел бесігі»  жобасы аясында  2023 жылы мемлекеттік бюджеттен 947,5 млн.теңге қаржы бөлінді (ҚР ҰҚ – 892,2 млн.теңге, ОБ – 55,3 млн.теңге).

          Бөлінген қаржыға 6 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде:

  • инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің құрылысы – 2 жоба (Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округіне қарасты кіре беріс жолдың бойында орналасқан жаңа қоныс аумағының инженерлік-инфрақұрылымы. Қиыршық тас жол құрылысы, Қызылорда қаласы, Талсуат ауылдық округіне қарасты Атырау, №7көше, Орынбор, Алматы, Астана, Ақмешіт, Қазалы, Жанкент, №6көше, Сейхун, Ақтау, Сығанақ және Сырдария көшелерін электр желілерімен жабдықтау құрылысы)
  • спорт нысандарының құрылысы – 4 жоба (Жаңақорған ауданы Ақжол ауылында спорт кешенінің құрылысы, Қармақшы ауданы III Интернационал және Жаңажол ауылдарында спорт кешендерінің құрылысы, Шиелі ауданы Шиелі кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы).
Дата публикации
09 июля 2023
Дата обновления
09 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
07 октября 2026
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Құрылыс және жобалау жұмыстары бөлімінің 2026 жылғы 9 айлық жұмыс қорытындысы
Пайдалы ақпарат
06 октября 2026
Тұрғын үй құрылысын, инфрақұрылымды және әлеуметтік нысандарды жоспарлау бөлімінің 9 айлық жұмыс қорытындысы

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы