Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 4 өтініш түсіп, 2 қанағаттандырылды. Ал, 2 өтініші құжаттар топтамасындағы деректердің толық болмауына байланысты дәлелді бас тартылды.
Тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау туралы:
2023 жылдың 6 айында 318 700 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қабылданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102 пайызға артып отыр.
Қала құрылысы кадастры туралы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6 % құрайды.
Сонымен қатар, облыс аумағында 139 198,4 шаршы метрді құрайтын 681 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Эскиздік жобалар:
Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді.
Атап айтқанда:
Теміржол вокзалын қайта жаңғырту;
Орталық алаңды абаттандыру;
Анаға тағзым;
Неке сарайы;
Көпсалалы кешен;
5 қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалаларды кешенді салу стандарттарына сәйкес Қызылорда қаласының дизайн-жобасы (коды) әзірленіп, ұсыным берілді.