2023 жылға әлеуміттік нысандар құрылысына, мемлекеттік бюджеттен 14,4 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражатқа 37 әлеуметтік нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Анықтама ретінде:
Білім беру саласы - 10 насан;
Денсаулық сақтау саласы - 21 нысан;
Мәдениет саласы - 3 нысан;
Спорт сласы - 2 нысан;
Мемлекеттік органдар - 1 нысан;
Қазіргі таңда, "Жайлы мектеп" Ұлттық жобасы шеңберінде 10 білім беру объектілерін салуға республикалық бюджеттен 9,8 млрд. теңге бөлініп отыр.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджет есебінен 2,7 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаражатқа жалпы ауданы 65,0 мың шаршы метр 982 пәтерді құрайтын 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Оның ішінде:
1.Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 12 үйдің (462 пәтер – 31,7 мың.ш.м) құрылысы жүргізілуде:
- Қызылорда қаласында-3үй (140 пәтер-12,2мың.ш.м.);
- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м);
- Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м);
Жыл соңына 9 үйді (322 пәтер – 19,5 мың.ш.м) пайдалануға беру жоспарлануда.
2.Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – Қызылорда қаласында 11 тұрғын үйдің (520 пәтер – 33,3 мың ш.м) құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданында 1 тұрғын үй (50 пәтер – 3,4 мың ш.м);
- Қызылорда қаласы Cырдария өзенінің сол жағалауында 10 тұрғын үйдің құрылысы (470 пәтер – 29,9 мың ш.м).
Қызылорда қаласында жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға пәтерлер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 0,6 млрд.теңге қаржы бөлініп, 34 пәтер сатып алынатын болады.
2023 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен қаржыландырудың барлық көздері есебінен 102,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаңтар-наурыз айларының алдын-ала қорытындысымен 143,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,9 % құрап отыр.
2023 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 47 жобаның(су - 9, электр – 28, жол – 3, жылу – 2, газ – 2, су+электр.+газ – 1, газ +электр – 1, бас жоспар және телефон-1)құрылысын жүргізуге бюджеттен 4,6 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде өңірлер бөлінісінде: Қызылорда қаласы – 17 жоба, Арал ауданы – 3, Қазалы ауданы – 4, Қармақшы ауданы – 5, Жалағаш ауданы – 4, Сырдария ауданы – 5, Жаңақорған ауданы – 9.
2023 жылдың басынан Қызылорда қаласында 1 жобаның құрылысы аяқталып, 7,163 км электр желілері пайдалануға берілді.
ЖОБА-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ӘЗІРЛЕУ
2023 жылдың 3 айында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 5 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалардың жалпы құны 10,205 млрд. теңгені құрап отыр.
Оның ішінде:
- білім беру нысандары – 4 жоба (4 мектеп), жалпы құны – 3,366 млрд теңге;
- спорт нысандары – 1 жоба (1спорт кешені), жалпы құны – 6,839 млрд теңге.
Оған қоса, 28 құрылыс нысанының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде (білім беру – 19, денсаулық сақтау – 4, мәдениет – 2, спорт – 2, қоғамдық тәртіп – 1). Оның ішінде 2 жоба сараптама қарауында.
ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ КАДАСТРЫ
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:
Сәулет, қала құрылысы және мониторингі бөлімімен «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қөрсетілетін қызметі бойынша 4 өтініш түсіп, 2 қанағаттандырылды. Ал, 2 өтініші құжаттар топтамасындағы деректердің толық болмауына байланысты дәлелді бас тартылды.
Тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау туралы:
2023 жылдың 3 айында 143 534 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қабылданып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102 пайызға артып отыр.
Қала құрылысы кадастры туралы:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярдың тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша құрылыс салынған 19140 гектар аумақтың 13321,44 гектарына жерасты және жерүсті коммуникацияларын түгендеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жалпы жұмыстың 69,6 % құрайды.
Сонымен қатар, облыс аумағында 102 629 шаршы метрді құрайтын 420 тұрғын үй Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілді.
Эскиздік жобалар:
Жоспарланған нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында эскиздік жобалар әзірленіп, ұсыным берілді.
Атап айтқанда:
Теміржол вокзалын қайта жаңғырту;
Орталық алаңды абаттандыру;
5 қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту және қалаларды кешенді салу стандарттарына сәйкес Қызылорда қаласының дизайн-жобасы(коды) әзірленіп, ұсыным берілді.