«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2023 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 692,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Тұрғын үй құрылысына мемлекеттік бюджет есебінен 2,7 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Бұл қаражатқа жалпы ауданы 65,0 мың шаршы метр 982 пәтерді құрайтын 23 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Оның ішінде:
1.Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы бойынша – 12 үйдің (462 пәтер – 31,7 мың.ш.м) құрылысы жүргізілуде:
- Қызылорда қаласында-3үй (140 пәтер-12,2мың.ш.м.);
- Шиелі ауданында – 4 үй (72 пәтер - 4,2 мың.ш.м);
- Байқоңыр қаласында - 5 үй (250 пәтер – 15,3 мың.ш.м);
Жыл соңына 9 үйді (322 пәтер – 19,5 мың.ш.м) пайдалануға беру жоспарлануда.
2.Кредиттік тұрғын үй құрылысы бойынша – Қызылорда қаласында 11 тұрғын үйдің (520 пәтер – 33,3 мың ш.м) құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде:
- Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданында 1 тұрғын үй (50 пәтер – 3,4 мың ш.м);
- Қызылорда қаласы Cырдария өзенінің сол жағалауында 10 тұрғын үйдің құрылысы (470 пәтер – 29,9 мың ш.м).
Қызылорда қаласында жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға пәтерлер сатып алу үшін облыстық бюджеттен 0,6 млрд.теңге қаржы бөлініп,34 пәтер сатып алынатын болады.
2023 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысымен қаржыландырудың барлық көздері есебінен 102,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаңтар-наурыз айларының алдын-ала қорытындысымен 143,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102,9 % құрап отыр.
2023 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша 47 жобаның(су - 9, электр – 28, жол – 3, жылу – 2, газ – 2, су+электр.+газ – 1, газ +электр – 1, бас жоспар және телефон-1)құрылысын жүргізуге бюджеттен 4,6 млрд.теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде өңірлер бөлінісінде: Қызылорда қаласы – 17 жоба, Арал ауданы – 3, Қазалы ауданы – 4, Қармақшы ауданы – 5, Жалағаш ауданы – 4, Сырдария ауданы – 5, Жаңақорған ауданы – 9.
2023 жылдың басынан Қызылорда қаласында 1 жобаның құрылысы аяқталып, 7,163 км электр желілері пайдалануға берілді.